Колумбия Университетінің қолдауымен, Орталық Азиядағы Дүниежүзілік Медициналық Зерттеу Орталығы (GHRCCA) JasSpark жобасын іске қосады.
JasSpark - бұл жасөспірімдер арасындағы байқау және қоғам ішінде АИТВ-мен науқас болған адамдарды айыптамауға және бүкіл Қазақстан бойынша АИТВ-ға тексерілу үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында өткізілетін іс-шара. Бұл денсаулық сақтау саласының дүниежүзілік жаһандық проблемасы, ол туралы қазақстандықтар, әсіресе жасөспірімдер толық біле бермейді. Jasspark байқауы АИТВ туралы тақырыпты егжей-тегжейлі ашуға және АИТВ-мен науқас болып қалған адамдарға қысылмай көмекке жүгінуге шақырады.
Байқаудың қысқаша сипаттамасы:
- Байқауға 13 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар қатыса алады.
- Байқауға бейне таспа, сурет, аудио, мәтін сияқты контенттер ұсынуға болады.
- Финалистерге қатысуы туралы куәліктер мен сыйлықтар Колумбия Университетінен берілетін болады.
- Финалистердің жұмыстары, Қазақстандағы Ұлттық Денсаулық Сақтауды нығайтуға бағытталған түрлі ғылыми зерттеулерге енгізіледі.
- Презентациялар 2022 жылдың 1 наурызына дейін веб-сайтта ұсынылуы керек jasspark.ghrcca.org
Haileybury Almaty мектебінің түлегі Даниял М. Jasspark мүшесі болып табылады және біздің қоғамдастық өзінің бұрынғы оқушыларының бастамаларын әрдайым қолдайды.