Reception дайындық сыныбы: Неліктен Haileybury мектебі сіздің балаңыз үшін дұрыс таңдау болып табылады?

Ата-аналардың алаңдаушылығын туғызатын, көп қойылатын сұрақ: баланы неге 4 жасында мектепке беремін?

Haileybury Almaty британдық мектеп болып табылады және британдық білім беру жүйесіне сәйкес балалар мектепке 4-жасынан бастап барады.

Reception сыныбында балалар математикамен ойын арқылы танысады. Сырттан қарағанда, балалар жай ойнап жүрген сияқты болып көрінеді, іс жүзінде олар кәсіби әдіскерлер әзірлеген оқытудың белсенді түрлеріне қатысады және көптеген жаңа ақпаратты игереді. Біз оларды бірнеше сағат қатарынан үстелдерінде отыруға және дәптерлеріне сандарды жазуға мәжбүрлемейміз - төрт жастағы балапандарға бұл пайдасынан гөрі зиян келтіреді.

Сонымен қатар, оқу күні аяқтағаннан кейін балалар логикалық ойындардан бастап ат спортына дейінгі іс-шаралардың үлкен таңдауын қамтитын Сабақтан тыс үйірмелерге қатыса алады.

Reception сыныптарына 2021-2022 оқу жылына қабылдау ашық. Өтініш беру және толығырақ ақпарат алу үшін оқушыларды қабылдау бөліміне келесі телефон арқылы хабарласыңыз:

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат