Мектептің грант иегерлері орнықты дамуды қолдайды - бұл Haileybury Almaty мектебінің ішкі және сыртқы грант иегерлерін біріктіретін жоба, жобаның басты мақсаты - тұрақты даму мақсаттарын іске асыру.
Орнықты даму бүкіл мектеп қоғамдастығы үшін маңызды бағыт, қазірдің өзінде адамзат белгісіз болашақты жоспарлауға мәжбүр. Осы жоба арқылы біз өмірлеріміздің байланысы туралы, шектеулі ресурстарға тәуелділігіміз туралы және әлеуметтік, физикалық тұрғыдан тепе-теңдік сақтау қажеттілігі туралы түсінікті қалыптастырғымыз келеді. Осы бастаманың арқасында біздің оқушыларымыз салауатты өмір салтын қалай дамыту керектігін түсініп, тұрақты даму негізгі қозғаушы күш болып табылатын экономика мен қоғамда өз орнын таба алатын болады. Haileybury Almaty мектебі енді жаңа құрылыс жобаларында және қолданыстағы ғимараттардың жұмысында орнықты даму мақсаттарына барынша жүгінетін болады.
⠀
Кеше грант иегерлері мектебіміздің болашақ оқушыларымен кездесті. Балалар бірлесе отырып, тұрақты даму мақсаттарын және мектепті дамыту қадамдарын талқылады.