Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік
Адамзат тарихына көз жүгіртсек, технологиялық прогрестің сын-қатерлеріне бейімделе білу адамдар үшін әрқашан маңызды болды. Мәселен:
Баспа машинасы жалған ақша жасау үшін пайдаланылды.
Алғашқы автокөлік ұрлығы автокөлік ойлап табылғаннан кейін небары үш жыл өткен соң орын алды.
Ал енді әлеуметтік желілер - сандық дәуірдің шексіз мүмкіндіктерімен қатар - бірқатар жаңа тәуекелдер әкелді.
Жағымсыз пікірлер, бұрмаланған ақпарат пен кибершабуылдар желіде жиі кездеседі, соңғы уақытта қылмыскерлер әлсіз жандарды анықтау үшін желілік платформаларды қолдана бастады. Дәл осы себептен және оқушыларды желідегі қауіпсіздік туралы ақпараттандыру, ағарту үшін, сонымен қатар интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін @haileybury_almaty_mrpandya және Балаларды қорғау комитеті Ұлыбританияда орналасқан @nationalonlinesafety ұйымымен қарым-қатынас орнатты.