Өткен аптада Haileybury Almaty мектебі өзінің 15-жылдығын атап өтті.

Оқу жылының соңына орай Бастауыш және Жоғары мектеп оқушыларына арналған «Speech Day» шарасы өтті. Осы шарада дарынды оқушыларымызды олардың тамаша жетістіктері мен жеңістері үшін марапаттап шықтық. «Speech Day» шарасының көптен күткен сәті, әрине, Хаус кубогын табыстау болды. Биылғы жеңімпазымыз болып Эдмонстон атанды. Барлық Эдмонстон Хаус мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз, бұл жеңіс – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.

Жыл бойы көрсеткен күш-жігері мен спорттық шеберлігі үшін Аттли, Бартл Фрер және Киплинг Хаустарына ерекше алғыс айтамыз. Сіздің рухыңыз бен ерік-жігеріңіз шынымен мақтауға тұрарлық және сізге болашақта үлкен табыстар тілейміз!

Аттестат беру рәсімінен кейін біз мектеп тарихындағы маңызды кезең –15 жылдық мерейтойымызды тойлау үшін сыртқа жиналдық. Бұл күн күлкі, тамаша естеліктер, әсерлі әңгімеге толы болды.

Бізді қолдап келген барлық оқушыларымызға, ата-аналарға, қызметкерлерімізге және достарымызға шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің қолдауларыңыз бен ынта-жігерлеріңіз Haileybury Almaty-ны осындай тамаша орынға айналдырды.

Биылғы оқу жылын аяқтай отырып, баршаңызға тамаша жазғы демалыс тілейміз.Демалысыңыз сәттә өтсін! Келесі оқу жылы кездескенше!

Speech Day фото
Мұнда жүктеу

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат