Haileybury Almaty оқушыларының бастамасы болып табылатын STEM байқауы  

13-сынып оқушысы Әлия мен Haileybury Almaty мектебінің бұрынғы оқушысы София халықаралық STEM байқауын ұйымдастырды.   

Gen Science Competition - бұл бүкіл әлемнің 18 жасқа дейінгі жастары қатыса алатын биология, химия және физика пәндері негізіндегі байқау. Байқау аясында 9-12 сынып оқушылары ғылыми жоба, ал 0-8 сынып оқушылары көңілді және ынталандыратын видеожоба ұсынуы керек.  
Әлия мен София белгілі бір елмен, мектеппен немесе жас тобымен шектелмейтін ғылыми олимпиада құрғысы келді. Осылайша қыздар Haileybury мектебінің жаратылыстану сабақтарында және ғылыми клубтарында алған білімдеріне сүйене отырып, барлық қатысушылардың ғылым мен шығармашылыққа деген қызығушылықтарын оятатынын сұрақтар ойлап тапты.  

Сондай-ақ, жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру үшін Әлия мен София қаражат жинау науқанын бастады. Науқанның басты мақсаты - Алматы мектептеріне заманауи STEM- жабдықтарын сыйға тарту, осының арқасында Қазақстанда жаратылыстану ғылымдарын оқу қызықты, әрі жеңіл болады деп сенеді қыздар. Қаражат жинау аясында Әлия мен София Йель университетінің профессорымен және австралиялық астрофизика пәнінің сарапшысымен бірқатар вебинарлар ұйымдастырды, және әрбір қаржы беруші АҚШ университеттеріне түсу жөніндегі маманның жеке кеңесін жеңіп алу мүмкіндігіне ие.  

Толығырақ ақпаратты www.gen-science.com сайтынан және Gen Science Competition байқауының Instagram парақшасынан @genscience.comp біле аласыз.  

Біз оқушыларымыздың әрбір жетістігін мақтан тұтамыз және мектебіміздің басты мақсаты - балалардың таланттарын дамыту үшін барлық жағдай жасау. Қазіргі уақытта Haileybury Almaty мектебінде Robotics Center атты робототехника орталығы салынуда, осы орталық туралы ақпаратты жақын арада жариялаймыз.

Жаңалықтар
14.07.2021
Haileybury Almaty A-Level Scholarship 2022
Біз 2022-2024 жылдарға арналған (12-13 оқу жылы) Haileybury Almaty А-Level толық және ішінара стипендия байқауына тіркелу ашық екенін хабарлауға қуаныштымыз!
30.06.2021
Duke of Edinburgh International Award
Haileybury Almaty мектебінде Эдинбург герцогы жүлдесінің тағы бір сәтті жылы аяқталды.
21.06.2021
Haileybury Almaty мектебінің БҰҰ-ның Гарвард моделіндегі делегаттарын
Ануар, Алинур, Аликсения, Селин, Николас, Мелана, Ұлпан, Томирис, Руйхан және Искандерді - Haileybury Almaty мектебінің БҰҰ-ның Гарвард моделіндегі делегаттарын құттықтаймыз!
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат