Haileybury мектебіндегі Эдинбург герцогы халықаралық сыйлығының бағдарламасы қарқындап келе жатыр және осы айда 48 оқушы мен 12 қызметкер Қапшағайдың солтүстік жағалауына бірінші экспедицияға қатысу үшін барды.
Экспедиция екі күнге созылды және күніне шамамен 16 км жаяу жүруді және сенбі күні түнде кемпинг ұйымдастыруды қамтыды. Оқушыларға толықтай өзін-өзі қамтамасыз етуге, топта жұмыс істеуге, барлық қажетті құрал-жабдықтарды (шатырлар, кемпинг үшін кілемшелер, ұйықтайтын қаптар, пештер, кәстрөлдер, алғашқы медициналық көмекке арналған қобдишалар), сондай-ақ екі күндік азық-түлікті алып жүруге, мәзірді жоспарлауға және азық-түлікті сатып алуға керек болды. Демалыс күндері марапатқа ие болу үшін қажет 4 шарттың бірінші бөлігі үшін тамаша бастама болды (қалған үшеуі дене жаттығу, дағдылар және волонтерлік іс-шараларға қатысты).
Демалыс күндері сәл салқын жел болғанына қарамастан күндіз ауа-райы жылы болды. Оқушылар өз бағыттарын жоспарлап, жақсы бағдарланып, бірінші күні көтеріңкі көңіл-күймен ұзақ қашықтықты жүріп өтті. Түнде температура шамамен нөлге дейін төмендеді және сол күні кешке немесе келесі күні таңертең көлге шомылу ешкімнің ойына келмеді! Жексенбі күні топтар мектепке қайту үшін келісілген соңғы нүктеде кездесу үшін алдын ала жиналып, жолға шықты.
Экспедицияға шығарда оқушылар толқып тұрды, бірақ қайтып келе жатқанда, керісінше, көбісі автобуста ұйықтап келді! Жалпы, демалыс күндері сәтті өтті, оқушылар тәжірибеден үлкен пайда алып, олардың кейбіреулері түнде аздап салқындағанына қарамастан, бағыт табу, шатыр тігу және өздеріне тамақ дайындау қабілеттерін меңгерді.