Haileybury Almaty мектебінің тағы бір керемет жетістігі туралы қуана хабарлаймыз! Биылғы жылы 29 оқушымыз The Senior Physics Challenge сайысына қатысты, және оның он бірі – қола, сегізі – күміс және үшеуі алтын жүлдеге ие болды. Бұл Оксфорд университетіндегі Британдық физика олимпиадасы (British Physics Olympiad at the University of Oxford) ұйымдастырған олимпиада, оған жыл сайын 6000-нан астам оқушы қатысады. Олимпиада оқушыларға физика пәнінен осындай ауқымды жарысқа қатысуға, мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға және физиканың іргелі принциптерін жаңа жағдайларда қолдануға мүмкіндік берді. Жарайсыңдар! Жеңістерің құтты болсын!
- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем