2023 Британдық университеттер түлектерінің кездесу кеші

Сәрсенбі күні Haileybury Almaty-да британдық университеттер түлектерінің кеші өтті!

Кеш бағдарламасы қызықты шараларға толы болды және құрметті спикерлердің қатысуымен өтті. Ең маңызды сәттермен бөлісейік:

Керемет кешімізді араласу мен фуршеттен бастадық.

️ Haileybury Almaty директоры Саймон Миллс мырза алғаш болып сөз алды. Миллс мырза сонымен қатар кештің арнайы қонағы, Ұлыбритания Елшісі Кэти Личті таныстырды.

Ұлыбритания Елшісі Кэти Лич өз ойларымен бөлісіп, Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы берік байланыстарды атап өтіп, барлығына жылы лебізін білдірді.

Haileybury Almaty оқушылары бізге өнерлерін көрсетіп, кеш қонақтарын таланттарымен тәнті қылды.

Қазақстандағы Британ сауда палатасының төрағасы Тим Оуэн мырза жылы лебізін білдіріп, британдық-қазақстандық қарым-қатынастардың маңыздылығына тоқталды.

Жақында ғана халықаралық композиторлар байқауында жеңімпаз атанған Әлия фортепианодағы жеке орындауымен көрерменді баурап алды.

Haileybury Almaty капитандары өз ойларымен және тәжірибелерімен бөлісіп, мектептің жеке өсу мен оқудағы табысқа ықпал ететін тәрбиелік ортаға негізделгенін көрсетті.

Әйгерім фортепианоның сүйемелдеуімен ән орындап, бізді әуезді даусымен қуантты.

️Британдық Сауда палатасының қолдауымен қонақтар арасындағы лотереяда керемет жүлделер ойнатылды: Air Astana әуе компаниясынан Лондонға әуе билет, Parmigiano компаниялар тобының сертификаттары, Tantra Eco SPA, «Горький Теннис» және «Меломан» компанияларының сертификаттары.

Бұл ескі достармен байланысуға және жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік болды.

Осы кешке қатысқандарыңызға рахмет. Сізге жақсы уақыт өткізіп, түлектер арасында таныстарыңызды кездестіріп, жаңа байланыстар орнатты деп үміттенеміз. Білімнің, достықтың және ортақ тәжірибенің күшін бірге атап өтейік.

Сізбен тағы да кездесуді асыға күтеміз! 

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат