![](https://www.haileybury.kz/storage/posts/244033047662bebcd8285580.43586245_Robotics.jpg)
Қазақстанның робототехника бойынша құрамасы британдық FIRST Tech Challenge West Midlands жарысында жеңіске жетті.
Жарысқа Еуропа мен Азия елдерінен 21 команда қатысты. Қазақстан құрамасы атынан Haileybury Almaty және НЗМ Almaty мектептерінен 2 команда өнер көрсетті.
Екі команданың бірлескен жұмысының арқасында біздің құрама 6 іріктеу кездесуінде, 2 жартылай финалда және 2 финалда рекордтық есеппен жеңіске жетті.
Қазақстан командасы Ұлыбританияның ең мықты робот-инженерлеріне қарсы роботтар жарысында бірінші орынға ие болды және ең үздік спорттық кәсіпқойлық көрсеткен командаға берілетін Judges Award жүлдесін ұтып алды.
Біздің оқушылар үшін бұл робототехника жарыстарындағы алғашқы жеңіс емес, биыл олар жергілікті және халықаралық жарыстарда керемет нәтижелерге қол жеткізді.
Біз дарынды оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және оларға тек сәттілік тілейміз!