- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
1855 жылы Парламент қабылдаған қаулыға сәйкес East India Company Haileybury колледжін басқару міндетінен босатылды.
East India College 1806 жылдан бері жұмыс істеді, бірақ қаулы бойынша 1858 жылы мәңгілікке жабылғандай болды.
Алайда, 1862 жылы дәл сол жерде Haileybury College, тәуелсіз мемлекеттік мектеп, ашылды.
Мектеп түлектері тек Ұлыбританияда ғана емес, бүкіл әлемде үлкен мансаптық жетістіктерге жетті.
Кейбіреулер таңдаған мансаптарының ең жоғарғы деңгейіне жетті. Олар сәтті суретшілер, музыканттар, актерлер, спортшылар мен жазушылар болды. Олар ғылым мен медицинадағы үлкен жетістіктердің авторы болды. Олар өз елінде құрлықта, теңізде және әуеде адал қызмет етті.
Солардың бірі Ұлыбританияның ең ықпалды премьер-министрі болды. Клемент Эттли мемлекетте әл-ауқат жағдайын қалыптастырды және көптеген елдердің көзайымы болған денсаулық сақтау жүйесін құрды.
Көмек көрсету – Haileybury мектебінің басты қағидасы. Haileybury оқушылары жоғары адамгершілік қасиеттерімен және 1860 жылдан бастап оларға үйреткен қоғамдық белсенділігімен ерекшеленеді. Қазіргі әлем көп өзгерсе де, Haileybury оқушылары әлемді қалыптастыруға және оны барлығына жақсы орын жасауға көмектесуді жалғастыруда.