- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Haileybury Almaty-де біз барлық оқушыларымыздың математика, ағылшын тілі, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды, сондай-ақ оқушыларымызға ұнайтын басқа пәндерді қоса алғанда, көптеген пәндердің оқытылуын қамтамасыз ете отырып, британдық білім беру моделін ұстанамыз. IGCSE жеке-дара университетке түсуге арналған біліктілік болып табылмайды; дегенмен, оның есесіне ол біздің оқушыларымызды Алтыншы Сатыда (12-13 сыныптар) A-Levels оқу үшін қажетті академиялық білім алуға көмектеседі. Академиялық қаталдығы үшін халықаралық деңгейде танылған IGCSE және A Level біліктіліктері университет өмірінің тамаша академиялық негізін қамтамасыз етеді.
Бесінші Кезеңнен кейін (11-ші сынып) не істеу керектігін, қайда бару керектігін және нені үйрену керектігін шешу қиын және маңызды міндет болып табылады. Haileybury Almaty-дің Алтыншы Кезеңінде (12-13 сыныптар) біз көптеген пәндердің таңдауын, үздік оқытуды және жоғары білікті оқытушылар мен тәлімгерлер тобын ұсынамыз. Біз барлық оқушыларымызға бере алатын жеке тәсілмен мақтана аламыз. Haileybury Almaty-дің Алтыншы Сатысында оқушылар өзін мектепте басшылық қызметте көрсете алады. Бұл олардың өмір бойы пайдалы болатын дағдыларын арттыруға көмектеседі және біздің оқушылардан академиялық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да үлкен үміт күтетінімізді білдіреді. Оқушыларға өз жұмысын ұйымдастыруда көбірек тәуелсіздік пен еркіндік, үлкен жауапкершілік беріледі, бұл оларға университет өміріне маңызды өтпелі кезеңде көмектеседі.
Haileybury Almaty-да оқу академиялық жетістікке қол жеткізуге ұмтылған, сыныптан тыс жұмыстардың кең ауқымына қатысу арқылы өзінің қабілетін іске асырғысы келетін және біздің бақытты және мақсатты қоғамдастыққа құнды үлес қосқысы келетін талантты қыздар мен ұлдарға мол мүмкіндіктер әлемін ұсынады.
Independent Schools Inspectorate (ISI) — Англиядағы және шетелдегі мектептерді тексеруге Ұлыбритания үкіметі уәкімдік берген арнайы орган. ISI Білім министрлігіне (DfE) мектептердің британдық мектептердің стандарттарына және ISI құрылымына сәйкестігі туралы есеп береді.