- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Біз оқушылардың мектепке барар жолы олар үшін және олардың ата-аналары үшін күннің жағымды және жақсы басталуы болғанын, сондай-ақ кептелісте азырақ уақыт өткізуін қалаймыз. Бұл қызмет отбасыларға жүргізуші немесе жеке көлік қажетінсіз мектепке келу және кету мүмкіндігін береді.
BatOnRoute – бұл мектептердегі көлікті басқаруға арналған мобильді қосымша, ол тасымалдау процесін қауіпсіз етуге мүмкіндік береді және мектеп үшін де, ата-аналар үшін де мектеп автобусының қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Қолданба App Store және Play Market платформаларында қолжетімді.
WhatsApp: +7 776 718 7188
asavitskiy@haileyburyalmaty.kz
Биылғы жылы мектеп автобусы қызметі «Тойота» шағын автобустарымен көрсетіледі, ал автобус командалары мектебіміздің қызметкерлері болып табылатын жүргізушілер мен жолсеріктерден тұрады. Жоба тұжырымдамасындағы бұл өзгеріс оқушыларды тасымалдау қызметін одан да ыңғайлы және қауіпсіз ету керек.
Жолсерік жолаушыларды мінгізуді/түсіруді, сондай-ақ оқушыларды автобустың ішінде отырғызуды бақылайды. Сонымен қатар, жолсерік мобильді қолданбада көлік құралынан ақпараттық қолдау көрсетеді, оның ішінде: жолаушыны мінгізу/түсіруді белгілеу, кешігулер/оқиғалар туралы хабарлау, жолаушы отырғызу пунктіне келмеген жағдайда ата-анамен хабарласу.
Тасымалдау үшін қауіпсіздік белдіктерімен және «балалар» ескерту белгілерімен жабдықталған сыйымдылығы 11-20 жолаушыға арналған «Тойота» маркалы ыңғайлы шағын автобустар беріледі.
Бұл жағдайда жолсерік автобусқа әлі отырмаған жолаушылардың ата-аналарына маршруттың кешігуі туралы хабарлама жібереді.
Бұл жағдайда жолсерік оқиға туралы дереу Haileybuvry Almaty көлік менеджеріне хабарлайды және көлікті жарамды көлікке ауыстыру және жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданады.
Жоғары мектеп оқушылары ата-анасының/заңды өкілінің жазбаша келісімімен міну пунктіне/түсіру пунктінен үйге жаяу бара алады.
Бастауыш сынып оқушыларын ата-анасы/заңды өкілі* алып жүруі тиіс.
Егер ата-анасы/заңды өкілі белгіленген уақытта түсіру орнында болмаса, жолаушы автобустан шыға алмайды және маршрут бойынша жүре алмайды, ал жолсерік жолаушының ата-анасымен байланысуға тырысады, егер байланыса алмаса, оны ата-анасы/заңды өкілдері алып кетуі үшін оқушы мектепке жеткізіледі.
Қызмет ай сайын төленеді, төлем сомасы оқу күнтізбесіне сәйкес келесі тарифтер негізінде есептеледі:«Бір жақты» тарифі бойынша 1 күнге 2 000 теңге;«Екі жақты» тарифі бойынша 1 күнге 3500 теңге;