- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Бұл соңғы жиынтық тиімділікке нәтижелі жету үшін барлық басқа оқу дағдыларын қолдануға мүмкіндік беретін екі сипаттамамен ұсынылған. Мұндай сипаттамалар:
Жалпы айтқанда, бұл сипаттамалар оқу процесінің тиімділігіне жатады. Жас кезде көптеген жаңа материалдарды игеру қажет, егер белгілі бір заттарды жылдам игере отырып, оларды ойланбастан, автоматты түрде жасай отырып ойлау процестеріне жұмсалатын уақыт пен ресурстарды үнемдесе, оқу процессінде тезірек ілгері жылжуға болады.
Дәлдік оқушылардың оқу кезінде орындайтын жұмысында өте маңызды – ол оқу процесін жылдамдатады және мектеп қабырғаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
1 Автоматизм – бұл белсенді ойлауды қажет етпейтін белгілі бір дағдыларды оңай қолдана білу. Мәселен, егер сіз тәжірибелі жүргізуші болсаңыз, сіз көлік жүргізген сайын автоматизмді көрсетесіз. Сіз бұрынғыдай берілістерді ауыстыру, айналарды тексеру немесе көліктің қауіпсіз қозғалысы үшін қажет кез келген басқа нәрсе туралы белсенді түрде ойламайсыз - бұл автоматизм. Бала үшін көбейту кестесін оқу автоматизмнің мысалы болуы мүмкін.
Оқытудың жоғары нәтижелеріне қол жеткізу үшін саналы ойлауды қажет етпестен өз дағдыларыңызды пайдалануды және фактілерді зерделеуді үйрену өте маңызды. Автоматизм когнитивті/ойлау ресурстарын босатады. Біздің тез өзгеретін әлемде жиі кездесетін көп мәселелік жоғары дәрежелі автоматизді қажет етеді.
2 Жылдамдық пен дәлдік – бұл тез және дәл жұмыс істеу қабілеті. Егер біз өз қателіктерімізді қайталай бермей, олардан түйін түйсек, біз тезірек ілгері жылжимыз. Жылдам прогреске қол жеткізуде жылдамдықтан гөрі дәлдік маңызды фактор болып табылады.