- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Haileybury Almaty оқушыларға әлемнің ең бәсекеге қабілетті университеттеріне, соның ішінде АҚШ-тағы Айви Лигасы университеттеріне, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Оксфорд, Кембридж және Расселл Групп университеттеріне түсуге көмектесу үшін "World’s TOP universities" кеңес беру қызметімен серіктестік орнатты.
Әлемнің кез келген университетіне түсуді жоспарлап отырған оқушылар мамандандырылған кеңестер мен нұсқауларға қол жеткізе алады, бұл оларға ең жақсы таңдау жасауға көмектеседі. Haileybury Almaty әрбір оқушыға тестілеу, эссе жазу, қаржылық көмекке өтініш беру және интервью кезеңінде барлық қажетті қолдауды алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ балаларға арнайы қабылдау емтихандары бойынша көмек көрсетіледі (мысалы, Оксфорд пен Кембриджге).
Хаустар жүйесі арқылы студенттік басқару және көшбасшылықты дамыту мүмкіндіктері
Кешенді тәсіл арқылы біз оқушыларға Солтүстік Америка мен Ұлыбританиядағы университетке түсу процесінің барлық кезеңдерінде қолдау көрсетеміз. Біздің жұмысымыз әрбір оқушы университетке түсудің барлық аспектілері бойынша жеке қолдауға лайық деген сенімге негізделеді - университет таңдау стратегиясы, емтиханға дайындық және жеке мәлімдеме/эссе жазуға көмектесу, сабақтан тыс тәлімгерлік және сұхбат тәжірибесі.
Бастауыш сыныптардан бастап оқушымен және оның ата-анасымен жеке сұхбат және тұрақты кездесулер. Баланың мақсаттары қандай? Университеттер мен мамандықтардың оңтайлы үйлесімін іздеу:
1-нұсқа. Қабылдауы мүмкін, бірақ кепілдік берілмейтін жоғары санатты университеттер.
2-нұсқа: Қабылдау мүмкіндігі жоғары, бірақ әлі де көп жұмысты қажет етеді.
3-нұсқа: Қабылдауға кепілдік берілген мектептер мен Foundation Year бағдарламаларының желісі.
Жоспар қандай? Оқушыны басқалардан қалай ерекшелеуге болады?
Ағылшын тілінен емтиханға (TOEFL немесе IELTS) дайынсыз ба? IELTS мақсаты 7.5, TOEFL мақсаты 100.
Қосымша көмекті қажет ететін оқушыларға арналған репетиторлық.
Мектепте TOEFL және IELTS бойынша сынақ тесттерін тапсыру.
Мектептегі оқу үлгерімі. Жоғарғы мектепте дұрыс пәндерді таңдауға және бағалардың тиісті дәрежеде болуын қамтамасыз етуге көмектесу. A-Level бағдарламасы халықаралық деңгейде танылған және онда қамтылған пәндер бойынша жақсы бағалар биік жетістіктерге жетуге көмектеседі. Оқышының ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуі үшін ол мұғалімдерімен тығыз байланыста болады.
Қосымша академиялық жетістік.
Американдық және басқа да халықаралық университеттерге түсу үшін SAT естиханына дұрыс дайындық.
Мектепте SAT бойынша сынақ тестілері.
SAT дайындық клубы.
АҚШ-қа бағытталған оқушылар үшін AP емтихандары. Емтиханға қалай дайындалу керек.
Таңдалған мамандыққа (медицина, ғылым) түсуді қалайтын оқушылар үшін қандай сыртқы емтихандар қол жетімді және АҚШ университеттеріне өтінімнің құндылығын арттыру.
Математика және информатика бойынша олимпиада жарыстарына қатысу Массачусетс технологиялық институты сияқты кейбір университеттер үшін артықшылық болып табылады.
Олимпиада жарыстарына қатысуға қолдау көрсету.
Ғылыми еңбектер, жарияланған мақалалар, ғылыми көрмелер, қосымша тіл сертификаттары… Сіздің академиялық беделіңізді жақсартатын кез келген басқа нәрсе.
Мектептегі жаңа үйірмелер мен іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік беру.
Құжаттарды тапсыру және байланыс орнату бойынша кеңес беру.
Қызығушылық танытқан университеттердегі жазғы курстар. Йель университетіне түскіңіз келе ме? Йельдің жазғы курсына түсіп, университеттің мақтауы мен құрметіне ие болыңыз.
Сыныптан тыс жұмыс және жеке эссе. Жоғары деңгейдегі мекемелер сіздің оларға сәйкес келетініңізді білгісі келеді.
Мектептен тыс уақытта жасайтын әрекеттердің шағын, бірақ егжей-тегжейлі тізімі.
Сіз келесідей қасиеттерді танытуыңыз керек:
БАСТАМАШЫЛДЫҚ. Біреудің жолын қумай, өз жолыңызбен жүріңіз.
ОЗАТТЫҚ/ҰЙЫМШЫЛДЫҚ. Сіз ұйымыңызды жақсартқаныңызды және оның ұзақ жылдарға сақталатынын көрсете аласыз ба?
ҚОҒАМҒА ҮЛЕС ҚОСУ. Сіздің университетіңіз сіз үшін не істей алады деп сұрамаңыз - қоғамыңыз үшін не істей алатыныңызды сұраңыз.