- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Haileybury Almaty балаларды қорғау мен олардың аман-саулығын қамтамасыз етуге қатысты міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Мұндай міндеттерге баланы зорлық-зомбылықтан қорғау, оның денсаулығының немесе даму деңгейінің нашарлауына жол бермеу, балаларға қауіпсіз және қамқоршыл орта ұсыну және олардың ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау кіреді. Балаларды және қоғамдастықтың барлық мүшелерінің пікірлерін ескеру балалардың қауіпсіздігі мен аман-саулығы үшін маңызды. Haileybury Almaty-да ашық сөйлеу мәдениеті орнатылған. Мектеп қандай да бір мәселе туралы ертерек хабарлау арқылы баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болатынына сенімді.
Haileybury Almaty мектебінде барлық ересектер, соның ішінде мұғалімдер, Хаус жетекшілері, әкімшілік қызметкерлер, еріктілер, уақытша қызметкерлер және басқарушылар оқушыларды зияннан қорғауда белсенді рөл атқарады. Баланың аман-саулығы – біздің басты міндетіміз. Haileybury Almaty-ның барлық қызметкерлері әр баланың әлеуметтік, физикалық және моральдық дамуына ықпал ететін қамқор, жағымды, қауіпсіз және ынталандыратын ортаны қамтамасыз етеді. Haileybury Almaty бала неғұрлым қорғалған болса, соғұрлым табысты болатынына сенеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаты мен нұсқауларымыз мектеп веб-сайтында келтірілген