A levels бағдарламасы бүкіл әлемде, соның ішінде Америка Құрама Штаттарында танылады және әлемдік деңгейдегі университеттерде оқуға мүмкіндік береді.

Жоғары мектеп оқушыларына арналған гранттар

Шетелде білім алу –  көптеген жоғары мектеп оқушыларының арманы. Haileybury Almaty шетелдік жоғары оқу орындарына түскісі келетін оқушыларға Жоғары мектепте оқуға гранттар ұсынады. Негізінде, бұл гранттар Алтыншы сатыда (A levels) оқуды бастауға мүмкіндік алған 15-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған.

A levels бағдарламасы бүкіл әлемде, соның ішінде Америка Құрама Штаттарында танылады және әлемдік деңгейдегі университеттерде оқуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, көптеген академиялық жетістіктерге қол жеткізген, британдық білімге және үздік британдық және әлемдік университеттерге жол ашатын  Advanced Level General Certificates of Education (GCEs) немесе A levels бағдарламасында оқуға қызығушылық танытқан оқушыларға гранттық байқауға қатысуға рұқсат етіледі.

2022 жылға арналған A-Level бағдарламасы бойынша оқу грантына конкурс аяқталды

2021 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айына дейін, мектепте 16 жастағы оқушылар арасында, 2022 жылға арналған A-Level екі жылдық тегін оқу бағдарламасы бойынша конкурс өтті. Барлық тілек білдірушілер математика, ағылшын тілі және ғылыми пәндер бойынша олимпиадаларға белсенді қатысты. Сонымен қатар үміткерлер математика, ағылшын тілі, вербалды және вербалды емес логиканы қамтитын тест тапсырды.

Ең жоғары балл жинаған үміткерлер мектеп басшылығымен сұхбатқа шақырылды, онда олар өз жетістіктері мен идеяларын презентация ретінде айтып өтті, сонымен қатар болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Сұхбат нәтижелері бойынша байқаудың үздік финалистері іріктелді. Енді, қаңтар айында, 2022-2024 оқу жылдарының Грантына иеленген оқушылардың тізімі жарияланады.

Біз жайлы ақпараттарды әлеуметтік желілерде көре аласыз, 2023 жылға арналған жаңа конкурс туралы барлық жаңалықтарды біздің сайтта және әлеуметтік медиада жариялайтын боламыз.

, ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ ДИРЕКТОРЫ
Меруерт Аскатова
ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ ДИРЕКТОРЫ
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат