- Haileybury Almaty туралы
- Қабылдау
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
"2021 жылғы Ата-аналар күніне қош келдіңіздер!
Бүгінгі күн балаңыздың академиялық дамуы мен әл-ауқатын қоса алғандағы жетістіктерін талқылауға тамаша мүмкіндік. Пандемия кезінде бүкіл әлем оқушылары қиындықтарға тап болды, оған жаңа білім беру тәсілдері арқылы жауап беруге тура келді. Онлайн оқу барысында болсын, кезекші сыныптарда болсын, біз Haileybury мектебінің әр оқушысы көрсеткен батылдылық мен тапқырлыққа мақтанамыз. Үй мен мектептің арасындағы байланыс қазір бұрынғыдан да маңызды, сондықтан кез-келген сұрақ қоюыңыз немесе өз пікірлеріңізді қалдыруңыз өте маңызды.
Ата-аналар күнінің сәтті өтуіне тілектеспіз".
Бастауыш мектептегі алғашқы байланыс нүктеңіз - балаңыздың сынып жетекшісі. Осыдан кейін сіздің балаңыздың Жылдық Топ жетекшісі кез-келген сұрақтарыңызға жауап береді.
Жоғары мектептегі алғашқы байланыс нүктеңіз - балаңыздың Хаус тәрбиешісі. Тәрбиешіден кейін кез-келген сұрақтарыңызға балаңыздың Хаусмастері немесе Хаусмистресі қуана-қуана жауап береді.
iSAMS Ата-аналар порталы мектепті сізбен байланыстыратын маңызды құрал болып табылады. Порталға кез-келген құрылғыдан қосымша ретінде немесе веб-сайт ретінде кіруге болады. Порталдың кейбір негізгі ерекшеліктеріне тоқталып кетсек, олар ата-аналардың электрондық поштаға, оқушының профиліне және барлық академиялық есептерге қол жетімділігі.