Haileybury мектебі 4 пен 18 жас аралығындағы балаларға британдық білім берудің ең жақсы дәстүрлерін сақтай отырып, оқуда жетістікке жетуге, көптеген секциялар мен үйірмелерге қатысуға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі білімд беруді ұсынады.

Haileybury Almaty  –  қоғамның дамуына үлес қосқысы келген жергілікті кәсіпкерлердің қаржылай қолдауымен құрылған Қазақстандағы коммерциялық емес мектеп. Барлық табыс білім беру бағдарламалары мен инфрақұрылымға жұмсалады, бұл, өз кезегінде, оқушыларға ең жақсы оқу жағдайларын қамтамасыз етеді.

Haileybury Almaty мектебіне оқуға оқушылар қатаң іріктеу нәтижесінде түседі. Қазіргі уақытта мектеп қабылдау емтихандарын тапсыратын үміткерлердің 20%-40%-на дейін қабылдайды. Біз оқушыларымыздан IGCSE және A Levels емтихандарынан жоғары көрсеткіштер күтеміз және оларға осы мақсатқа жетуге көмектесеміз.  

Оқушыларға университеттерге түсу бойынша кеңес берумен айналысатын "World’s TOP universities" командасы университеттерге құжат дайындап тапсыруға және Гарвард, Стэнфорд, MIT, Йель университеті, Колумбия университеті, Браун университеті, Оксфорд, Кембридж, Беркли университеттері, Лондон императорлық колледжі сияқты әлемнің үздік әрі беделді жоғары оқу орындарына түсуге көмектеседі. Әр түрлі сыныптан тыс жұмыстар мен жобалар оқушыларға басқа үміткерлерден ерекшеленуге және оқудағы жетістіктері үшін толық және ішінара стипендия алуға көмектеседі. 

Haileybury Almaty білім беру тек жас ойшылдарды қалыптастырып қана қоймай, біздің бай қазақ мұрамызды дәріптеп, сақтай алады деп санайды. Қазақ тілі мен мәдениетіне ерекше назар аудара отырып, біз оқушылардың жоғары оқу үлгеріміне ықпал етемізі, олардың өз ата-бабалары, өз мәдениеті туралы түсінігін кеңейтеміз.

Үйірмелерге қатысу оқушыларды дамытады, әлеуметтік жауапкершілік сезімін күшейтуге ықпал етеді, командалық рухты, сенімділікті нығайтады және біздің қиын әлемде олар басшылыққа алатын күшті құндылықтарды дамытады. Haileybury білімі сапалы тәрбие жұмысына негізделген. Біздің күш-жігеріміз және оқуға қолайлы орта Haileybury оқушыларын басқаларадан ерекшелендіреді. 

Біз оқушыларды конкурстық негізде қабылдаймыз және олардан IGCSE және A Levels емтихандар бойынша жоғары нәтижелер күтеміз.

Haileybury Almaty британдық білім беру жүйесі бойынша Алматыда 9 және 12 сыныптарда оқуға ең қабілетті оқушыларға гранттар ұсынады. Мектеп түлектері университеттерден стипендия ұтып алады, бұл мектептің әлемдегі ең жақсы жоғары оқу орындарына түсуге дайындығының жоғары деңгейін растайды.

Мектеп Haileybury UK және Haileybury Astana мектептерімен тығыз байланыстарымен мақтанады, олармен біз ортақ дәстүрлер мен құндылықтарды бөлісеміз, сонымен бірге Алматыдағы жергілікті қоғамдастықпен тығыз байланыстарды да жоғары бағалаймыз. Біз болашақта әлем азаматтары және өз қауымдастықтарында көшбасшы болуға дайын жас қыздар мен жігіттерді дамытуға ат салысамыз. 

Біздің мақсатымыз - мектепті бітірген кезде оқушыларымызды бәсекелік жаһандық еңбек нарығында табысқа жету үшін қажетті өмірлік дағдылар мен академиялық біліммен толық қатамасыз ету. Біз оқушылардың ата-аналарымен үнемі тығыз байланыстамыз және оқушылардың өз жетістіктеріне қанағаттанған, мақтан тұтатын және басқаларға көмектесуге дайын болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Сіздерді Haileybury Almaty мектебінің жанды және бақытты қауымдастығында шақыруға қуаныштымыз!

 

Саймон Миллс

Haileybury Almaty директоры 


Стратегиялық даму жоспары

Haileybury Алматы мектебінің өршіл ұмтылысы - Қазақстандағы ең жоғары білім беру мақсаттарына қол жеткізу. Мектеп қызметкерлері жақсартудың негізгі қозғалтқыштары болып саналады.  Осы мақсаттарды іске асыру барлық қызметкерлердің ортақ жауапкершілігі болып табылады, ал Қамқоршылар кеңесі, Haileybury Almaty Жоғары және Бастауыш мектептердің аға және орта буын басшылары осы процесті басқару және бақылау үшін негізгі жауапкершілікті өз мойнына алады.

Білім беру саласындағы ең шабыттандыратын көшбасшы

Саймон Миллс - Білім беру саласындағы ең шабыттандыратын көшбасшы

Біздің директорымыз Саймон Миллс “K12 Digest” журналымен 2024 жылғы "Білім беру саласындағы ең шабыттандыратын көшбасшыларының" бірі ретінде танылғанын хабарлауға қуаныштымыз.

Журнал Миллс мырзаның оқушыларға академиялық табысқа жету үшін барынша мүмкіндіктер беруге, сонымен бірге эмпатияны, төзімділікті және жаһандық жауапкершілік сезімін дамытуға бағытталған көшбасшылық стилін атап өтті.
Толық мақаланы оқыңыз
Саймон Миллс - Білім беру саласындағы ең шабыттандыратын көшбасшы

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат