- Haileybury туралы
- Қабылдау
- Wellbeing
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Бастауыш сыныптарда оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті дағдылар мен өзіне деген сенімділіктерін қалыптастырады. Бұл британдық оқу бағдарламасына сәйкес келеді, сонымен қатар оқу жоспарының басқа салаларындағы оқытуды толықтыру үшін жан-жақты ойластырылып, жақсы жоспарланған. Әр апта сайын оқушылар арнайы маман-мұғаліммен бір сағаттық сабақ өтеді. Сондай-ақ кескіндеме, сандық өнер және қышпен жұмыс істей білу сияқты бірқатар дағдылар бойынша қосымша сабақтан тыс (CCA) өнер сабақтары да өткізіледі.
Орта мектепте жақсы жоспарланған оқу бағдарламасы оқушылардың көркемдік қабілеттерін бақылап, одан әрі дамыту жұмыстарын жүргізуді жалғастырады. Олар әртүрлі уақытта және әр жерде әртүрлі суретшілер мен дизайнерлерді талдауды үйренеді. Бұған мектептің бастауыш сыныптарында таныс болған тәжірибелі суретшілердің жұмыстарымен қайта танысу, сонымен қатар сабақ жоспарына жаңадан енгізілген суретшілердің кең ауқымы кіреді. Материалдар мен процестердің толық спектрін қолдануға үйретуден басқа, олардың жеке идеялары мен арнайы дағдыларын дамыту бойынша жеке шығармашылық сапарында қолдау көрсетіледі.
10 және 11-сыныптарда оқушылар Pearson Edexcel Art IGCSE бағдарламасы бойынша өнер оқуын жалғастыра алады. Бұл оқушыларға бейнелеу өнері, тоқыма, графикалық коммуникация, 3D зерттеулері немесе фотосурет саласында мамандануға мүмкіндік береді.
12 және 13-сыныптарда өнер бөлімі оқушыларға бейнелеу өнері бойынша Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасын (IBDP) ұсынады. Пән бойынша барлық талаптарға сай жабдықталған сынып бөлмелерімізде оқушылардың жеке студия кеңістігі бар және көптеген оқушылар сурет салу сабақтарынан басқа, мектептен кейін немесе демалыс күндерінде осы арнайы жабдықталған кеңістікті пайдалануды ұнатады. Жұмыстың көрнекті әрі жоға сапалы екендігіне оқушы жұмыстарының көрмелері дәлел бола алады. Соңғы уақытта жыл сайын мектеп бітіруші түлектеріміз өнерге қатысты білім алуды әлемнің үздік жоғары оқу орындарының осы салаларында жалғастыруды жиі таңдауда.
Оқушыларды дамыту, жаңа тәжірибе алмасу мақсатында, сонымен қатар шабыттандыру үшін үнемі жаңартылып отыратын жан-жақты әрі ұтымды жоспарланған жобалар мен жұмыс үлгілері бар. Мысалы, бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтарында Наурыз мейрамын атап өту кезінде бұзақылыққа жол бермеу үшін тәрбиелеу мақсаттағы сабақтарға көп мән берілетін болады.
Бұл мектептегі театрлық қойылымдарға арналған декорацияларды дайындау немесе Music немесе STEAM-пен бірлескен іс-шаралар сияқты қосалқы жобалары бар орта мектепке де қатысты.
Осының негізінде шығармашылық ойлау қабілеттері мен арнайы көркемдік дағдыларын, сонымен қатар ағылшын тілі бөлімімен біріге отырып, өнер мен поэзияда зерттелген тақырыптар бойынша ауыспалы дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Мектепте мотивациялық байқаулар үнемі өткізіліп тұрады. Олар Google Classroom және мектептің Instagram желісіндегі @haileyburyastana_art көркем парақшасы арқылы таратылады. Осы жылдың мысалдары тұрақтылық туралы постер сайыстары, фотосурет және бейнелеу / сурет байқаулары болды.
Біз сонымен қатар халықаралық жарыстарға да қатысып отырамыз; COBIS сайысына оқушыларымыз жыл сайын қатысатындықтан, біз басқа ұйымдармен де байланыс жасаймыз, мысалы, жақында Астана Опера театрында өткен Халықаралық өнер көрмесінде бірнеше оқушыларымыз өз жұмыстары үшін жеңімпаз атанып, марапаттау куәліктеріне ие болды. Сондай-ақ Мысыр елшілігімен бірлесіп Гизада өткен көрмеде де мектеп оқушылыраның жұмыстары қойылды.
Көктемгі семестрде біз оқушыларды Royal Academy онлайн көрмесімен таныстыратын боламыз, өйткені біз өткен жылдары Қазақстандағы Haileybury мектептерінде оқушылар жұмысын сәтті қабылдадық. Сондай-ақ Нью-Йорктегі City Arts компаниясы да біздің мектебіміздің серіктесі болып табылады, ол жерде біздің оқушыларымыздың жұмыстары, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген өзге де оқушылардың суреттері үнемі көрсетіліп отыратын онлайн өнер көрмесі бар.
Біз бүкіл әлем бойынша өнермен байланысты, мысалы, медиа, сәулет, сән, өнер менеджменті, бейнелеу өнері, сандық өнер / анимация, бейнелеу өнері және т.б. алуан түрлі көркем өнер мамандығы бойынша білім алып жүрген мектеп бітірген түлектерімізді мақтан тұтамыз. Олардың мектептегі өнерге жаңадан келіп жатқан өнертанушы-оқушыларды шабыттандыру үшін үнемі байланыста болғандары бізді қуантады.
Мектептегі Халықаралық бакалавриат Өнер (IB Art) бойынша білім алып жүрген кез келген оқушы өз білімін одан әрі университетте өнер саласы бойынша жалғастырғысы келетін болса, оқумен қатар бейнелеу өнері мұғалімінің тарапынан портфолиосын даярлауға қатысты қолдау мен нұсқаулыққа ие болады. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының үздік мектеп эдвайзерлерімен тығыз ынтымақтастықта болады.
Teл: +7 7172 55 98 55
school@haileyburyastana.kz