Үйді басқару үшін бізде таңдаулы Капитандардың болуы қажет. Бұл оқушылар іс-шараларды және командалық жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі

Эттли Үйі

Haileybury Астанада Эттли Хаусының түсі сары түс болып келеді. Эттли Хаусының әрбір оқушысы сары галстукты мақтанышпен киеді және осы түс оқушылар мен қызметкерлерді байланыстыратын мықты көпір. Хаус Клемент Эттлидің есімімен аталады, ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияның премьер-министрі ретінде елді қалпына келтіруге, Ұлттық денсаулық сақтау қызметін құруға үлкен үлес қосқан танымал тұлға.

    

 

Кіші мектеп

Лорен Коллинз ханым - Эттли Хаусының Кіші мектептегі Хаусмистресі және де ол кез келген жағдайда көшбасшылық, қамқорлық және сәттілік дәстүрлері сақталынатын және қиындықтарға төтеп бере алатын орта құру үшін барынша еңбектеніп келеді.  

Жоғары мектеп

Эндрю Палмер мырза - Эттли Хаусының Жоғары мектептегі Хаусмастері. Хаустың мақсаты - барлық оқушыларды әртүрлі іс-шараларға тарту және оларды барынша қолдау. Эттли Хаусының мүшелері өздерінің спорттық шеберліктерін, көркемдік және музыкалық таланттарын мақтанышпен паш етеді, әрі әрдайым басқа оқушыларға қолдау көрсетуге дайын. Біз әр оқушыны озаттыққа ұмтылуға және өз жетістіктерін мақтан тұтуға шақырамыз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

Қазіргі таңда мектеп жазғы демалысқа байланысты жабық болады. Мектепке қабылдану туралы толық ақпаратты біздің сайтымыздың «Мектепке қабылдану» бөлімінен таба аласыз. Сіздерге біздің мектебімізді онлайн режімде аралап шығуды ұсынамыз:

Егер сіздің қандай да бір сұрақтарыңыз болса, мектепке қабылдану туралы өтінім бергіңіз келсе, оқушыларды Мектепке қабылдау бөлімімен мына адрес бойынша admissions@haileyburyastana.kz хабарласуыңызды өтінеміз. WhatsApp + 7 777 522 45 15 нөміріне жазыңыз немесе +7 7172 55 98 55 нөмірі бойынша телефон соғыңыз.

Біз сіздермен кездесуді асыға күтеміз!