Haileybury мектептерінің ашылу жоспары - 1 семестр 2021

Біз келесі тоқсанда екі қаладағы мектептердің қауіпсіз ашылуын қамтамасыз ету мақсатында қызу жұмыстар жүргізудеміз. Ашылуға қатысты дайындық жөніндегі толық ақпарат төменде беріледі:

Құрметті ата-аналар!
 

Сіздерді 2021-2022 оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Өкінішке орай, пандемия әлі де жалғасуда, бірақ біз мектеп қоғамдастығының әрбір мүшесінің қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданып жатырмыз. Біз жаңа оқу жылын дәстүрлі білім беру форматында бастаймыз және мектеп басшылығы жыл бойы жағдайды мұқият қадағалап отырады.  

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен тағы да құттықтаймын және барлық оқушыларға сәттілік тілеймін.  

Құрметпен,

Иан Хант, Қамқоршылық Кеңес Төрағасы

Құрметті ата-аналар мен оқушылар,

Жазғы демалыс кезінде біз тиісті органдардың Ковидтің алдын алу шараларына қатысты ұсыныстарын мұқият орындауды жалғастырдық. Біз өткен жылы мектепішілік жүзеге асырылған шаралардың текке кетпегеніне қуаныштымыз және биылғы оқу жылында да қауіпсіз білім алу ортасын қамтамасыз етуді жалғастырамыз.

Джон Коулз

Haileybury Astana мектебінің директоры

Parent’s Informed Consent Letter — Covid19
Нысанды толтырыңыз

Ғимарат ішіндегі қозғалыс және дара қорғаныс заттары

  • Мектеп ғимаратына бетперде киіп кіру
  • Барлық қоғамдық орындарда плексигластан қорғаныстар орнатылады (мысалы, күзет бекеттері, мектептің қабылдау бөлімі, медициналық пунктте, әкімшілікте және т.б.),
  • Өзге адамдармен байланысқа түсетін барлық қызметкерлер бетпердеге киіп жүретін болады, (мысалы, тамақ таратушылар, еден жуушылар, медициналық бөлім қызметкерлері, қауіпсіздік қызмет қызметкерлері).
  • Қолды зарарсыздандыру құралдары бүкіл мектеп бойынша орналастырылған, оқушылар мен қызметкерлер қолды зарарсыздандыруға арналған құралдарды ғимаратқа кірген кезде, сонымен қатар сыныптарға кірген және шыққан кезде, асханаға кіріп, шыққан кезде қолдануға міндетті болады;
  • Мектебімізде қолданылатын қолды зарарсыздандыруға арналған сұйықтық жергілікті денсаулық сақтау басқармасымен мақұлданған және құрамында ешқандай алкаголь жоқ;
  • Барлық оқушылар мен қызметкерлер қолдарын сабынмен және сумен үздіксіз әрі жиі жуып тұрады.
  • Мектеп айналасында біржақты қозғалыс жүйесі баспалдақтар мен дәліздерде нақты белгілермен жазылып көрсетілген;
  • Мектеп асханасы мен әрбір дәретхана алдында «Өтініш, осында күтіңіз!» деген жазу ілініп тұр; Дәретханада бір мезгілде тек екі оқушы ғана бола алады;
  • Сынып бөлмелері әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатына орай ұйымдастырылған. Қосымша жұмыс орны талап бойынша, қазіргі қолданыстағы сынып бөлмелері және кеңістіктерді бейімдеу талапқа сай жүргізіледі;
  • Топ болып киім ауыстыру бөлмелері қолданылмайды. Оқушылар мектепке дайын болып (киініп, әрине) келеді не болмаса сабақтар болмайды.

Сынып бөлмелеріндегі және кеңселердегі, киім ауыстыру бөлмелеріндегі тиімді, нәтижелі әрі жиі жүргізілетін тазалық жұмыстары, үстіңгі қабаттарды, жақтауларды, есік пен терезелерді, ойыншықтар мен спорт жабдықтарын, түскі асқа арналған үстелдері сүрту жұмыстары.

  • Барлық білім беретін мұғалім қызметкерлер мен әкімшілік қызметкерлеріне дара қорғаныс заттарын беру (бетперде);
  • Мебдикелер үшін арнайы дара қорғаныс заттары, бетке арналған қорғаныс, қорғаныс бетперделері, халаттар беріледі;
  • Ғимарат ішінде және өту жолдарында біржақты қозғалыс жүйесін қамтамасыз ететін көрсеткіштер, арнайы белгілер қойылады;
  • Сынып бөлмелерінде, кеңселерде, асханада және дәліздерде әлеуметтік қашықтықты енгізу және қатаң түрде сақтау;
  • Әлеуметтік қашықтықты сынып бөлмелерінде, кеңселерде қамтамасыз ету мақсатында қайта ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
  • Әлеуметтік қашықтықты белгілеу – кабинеттер, дәліздер, асханалар, жеделсатылар, қабаттар.
  • Сынып бөлмелері мен кеңселерді нәтижелі желдету жұмыстары – есік пен терезелерді ашу;
  • Қызметкерлер мен оқушылар үшін тұрақты үзілістер беру;
  • Жеделсатылар қолданылмауы тиіс. Жеделсатылар тек медициналық мақсатта, медициналық жағдайларда жабдықтарды жылжыту үшін қолданылады. Қолданылғаннан кейін ол орында зарарсыздандырылу жұмыстары жүргізілуі тиіс;
  • Сынып бөлмелеріндегі және кеңселердегі, киім ауыстыру бөлмелеріндегі тиімді, нәтижелі әрі жиі жүргізілетін тазалық жұмыстары, үстіңгі қабаттарды, жақтауларды, есік пен терезелерді, ойыншықтар мен спорт жабдықтарын, түскі асқа арналған үстелдері сүрту жұмыстары.
Сіз мектептің ресепшн бөлімімен жұмыс уақыты кезінде электронды почта немесе телефон арқылы хабарласа аласыз.

Ата-аналар мен оқушылар үшін әкімшілік шаралар

Әдеттегідей, біз сіздерді әрдайым түрлі мүмкін жолдармен қолдауға тырысамыз. Дәл қазіргі таңда сіздермен бетпе-бет кездесе алу мүмкін болмаса да, біздің мектеп мұғалімдері сіздермен электронды почта арқылы хабарласып, сіздерді қызықтырған немесе толғандырып жүрген кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге үнемі дайын. Немесе біз сіздер мен мұғалімдер арасында бейнеконференция (видеоконференция) ұйымдастыруға әзірміз.

Жоғалған зат тауып алынғаннан кейін міндетті түрде оқушының аты жазылып, сіздің балаңыз оқитын сынып бөлмесіне ең жақын орналасқан біздің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне өткізілуі тиіс. Өз кезегінде олар міндетті түрде ол затты қажетті оқушыға жеткізеді.

Егер мектептің медициналық бөлім қызметкерлері сізбен хабарласып, сырқаттанып тұрған балаңызды алып кетуді өтінсе, олар сізге қай кірісті қолдану туралы ұсыныс айтып, сізді қажетті медициналық базаға қарай бағыттап жібереді.

Мектеп ата-аналарға тұрақты ақпараттарды байланыстың сандық құралдары арқылы ұсынып отыратын болады, оның ішінде санитарлы-гигиеналық хаттамалардың қалай орындалып жатқанын  көрсететін бейнероликтер де қолданылады. Келесі ақпараттар ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде берілетін болады:

  • COVID бойынша жаңа хаттамалар мен процедулар туралы мәліметтер;
  • Мектеп ғимаратына енуді ұйымдастыру (мектеп ғимаратына ену тек қызметкерлер мен оқушылар үшін);
  • Күнделікті мектепке келу мен кету процедураларының жоспары (әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін топтың жас ерекшелігін ескеру);
  • Аз санмен қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында кестені оңтайландыра құру;
  • Барлық оқушылар мектепке келмес бұрын өз денсаулықтарының қалыпты екендігін растайтын форманы толтыруға міндетті.

Келесі семестрдегі мектептердің ашылу бойынша Жоспары:

Барлық оқушылар бір мезгілде қайтып келе ме?

Барлық оқушыларға жаңа хаттамалармен танысу мақсатында уақыт пен кеңістікті ұсына алу үшін және жаңа процедураларды өңдеу үшін тамыз айында мектепке қайтып оралу үдерісі кезең-кезең бойынша жүргізіледі.

Haileybury Astana мектебіне қосылатын кез келген жаңа оқушы қызметкерлерді жұмысқа енгізу аптасында тағайындалған мерзімде мектепке шақыртылып, таныстырылу рәсімінен өткізіледі. Бұл жаңа оқушылардың жаңа ортаға бейімделуін ғана қамтамасыз етіп қоймай, қызметкерлер мен оқушылардың жаңа ережелермен бірлесе отырып танысуларына да жағдай тудырады. Осыдан кейін ғана жаңа оқушылар мектепке өз жас ерекшелігіне сай, төменде көрсетілген сәйкес келетін уақытқа сай келе бастайды.

 

Температураны өлшеу жүзеге асырыла ма?

Сізге балаңыздың дене қызуын күн сайын мектепке келмес бұрын үйде өлшеп, тексеріп тұруыңыз қажет болады. Мектептің кіре берісінде біздің тепловизорлардың бірі орнатылады. Дене қызуы жоғары оқушыларды мектепке жібермеген дұрыс. Егер мектептің кіреберісінде олардың дене қызуы жоғары температураны көрсететін болса, олар шұғыл түрде кері үйлеріне қайтарылады.

Мені мектепке келгенде не күтіп тұрады?
  • Жоғары сынып оқушылары мектептің жоғары сынып оқушыларына арналған  кіреберіс арқылы кіретін болады (улкен спортзалдың кіреберісі. Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына мектепке кіруге рұқсат берілмейді. Олар балаларын мектепке әкеле алады. Оқушылар мектепке кезекпен кіреді. Бұл кіреберісте топталып қалудың болмауына жағдай тудырады;
  • KS2 оқушылары басты кіреберіс және Junior School 2 кіреберісі арқылы кіретін болады. KS1 оқушылары тек Junior School 1 кіреберісі арқылы кіретін болады. 1-сынып оқушылары мектепке 8:00 –ден  8:15-ке дейін қабылданады, 2-сынып оқушылары –  8:15-тен  8:30-ға дейін қабылданады. Reception және Nursery сыныптарының оқушылары Junior School 1 кіреберісі арқылы 8:30-дан 9:00-ге дейін кіргізіледі. 
  • Ата-аналар кампусқа кіргізілмейді. KS1 және KG (балабақша мен мектепке дейінгі бөлім) оқушыларын қызметкерлер күн сайын таңертең мектептің кіреберісінен күтіп алады және оларды өз шкафтары мен сынып бөлмелеріне дейін шығарып салады.
Асхана жұмыс істейтін бола ма?

Қазіргі таңда мектеп оқушыларды таңғы аспен қамтамасыз етпейді деген шешім қабылдады. Балабақшадағы балалар бұрынғыдай түскі ас пен бесіндікті өз асханаларынан алатын болады, тамақтандыру барысында әлеуметтік қашықтық сақтау және әр тамақтандыру процесінен кейінгі жүргізілуге тиісті санитарлық жұмыстарды жүргізу шаралары мейлінше сақталады, ұйымдастырылады (бір мезгілде ең көп дегенде 2 топ қана екі бөлек бөлмеде тамақтандырылады).

Бастауыш және жоғары сынып оқушылары асханада белгіленген уақытта ғана барып түстенеді, әлеуметтік қашықтық сақталған кезекте тұрып, біржақты қозғалыс жүйесін сақтай отырып, арнайы белгіленген орындарда ғана отырады. Асхана әрбір тамақтану процесі аяқталғаннан кейін зарарсыздандырылып отырылады. Барлық оқушылар асхана кіреберісінде орналастырылған санитайзерді асханаға кірерде және асханадан шыққанда қолдануға тиісті.

COVID 19 науқастану жағдайы орын алған жағдайда не болады?

Тест тапсырғаннан кейін оның нәтижесі бойынша  мектеп қызметкері немесе оқушы COVID-19 ауырғаны белгілі болған жағдайда, біз Денсаулық сақтау министрлігіне, ата-анасы мен қызметкерлерге шұғыл түрде хабарлаймыз. Егер науқас алдыңғы белгілер анықталған жағдайда мектепте болғаны анықталса, мектептің жабылуы мүмкін. Біз үкіметтің нұсқаулықтарын қатаң ұстанатын боламыз және қауымдастықты барлық қабылданған шешімдер жайлы хабардар етіп отырамыз.

Ата-ана ретінде мектепке кіре аламын ба?

Өкінішке орай, жоқ, мектепке тек мектеп қызметкерлері мен оқушылар ғана кіргізіледі. Жүргізушілер мен ата-аналар мектепке кірмеулері тиіс. Оқушылар әртүрлі уақытта әлеуметтік қашықтықты сақтау шараларына  сәйкес арнайы бөлінген орындарда қалдырулары тиіс. Төменгі сынып оқушыларын мектеп қызметкерлері қарсы алуға және оларды өз шкафтары мен сыныптарына апарып тастауға дайын. Әр жастағы топтарға нақты нұсқаулық берілген жеке басшылық ұсынылады.

Дене шынықтыру сабақтары жүргізіле ме?

Иә, бірақ құралдарды пайдалануға қатысты арнайы ережелерді қолдану қажет болады, сонымен қатар мүмкіндігінше сабақтар ғимараттан тыс жерде өткізілетін болады. Егер қолайлы ауа райы болатын болса, барлық сабақтар мектеп ғимаратының сыртында өткізіледі. Дене шынықтыру бойынша білім беру бағдарламасы құралдарды қолдану туралы басшылыққа сәйкестендіріліп жасалады. Қазіргі кезеңде жүзу бойынша сабақтар жүргізілмейді.

Дене шынықтыру сабағы болатын күні бастауыш сынып оқушыларына мектепке дене шынықтыру киімімен келуге болады. Оқушыларға күні бойы сол киіммен жүруге рұқсат, тек аяқ киімдерін ғана ауыстырулары қажет. Ал, жоғары сынып оқушылары дене шынықтыру сабағы болатын күні, спорттық киімдерін мектепте ауыстырып киюлері қажет. 

Сабақ аяқталған соң не болады?
  • Creche бөлімінің ата-аналары балаларын Creche оқыту аймағынан немесе CSZ кабинетінен сағат 15:00-де алып кете алады;
  • Nursery және Reception сыныбының оқушыларының ата-аналары оқыту аймағының сыртқы бөлігіне апаратын кабинеттердің шыға берісінен алып кете алады. Балалар әртүрлі уақытта шығатын болады: 

Nursery  - 15:00 - 15:10

Reception - 15:00 - 15:10

Мектептен кейінгі қосымша сабақтар жүргізілмейді.

  •  KS1 оқушыларының ата-аналары оқыту аймағының сыртқы бөлігіне апаратын кабинеттердің шыға берісінен алып кете алады. Сағат:

15:00 - 1-сынып

15:10 - 2-сынып

  • KS2 оқушыларының ата-аналары / жүргізушілері негізгі кіреберістен немесе Junior School 1 кіреберісінің сырт жағында күтіп тұрады. Балалар әртүрлі уақытта шығатын болады:

3-сынып15:10

4-сынып15:20

5-сынып15:25

6-сынып 15:30

Жоғары сынып оқушылары (KS3) 15:30-те шығадысабақтары аяқталған кезде оқушылар мектептің бас кіреберісінен шыға алады.   

Сынып бөлмелерінде әлеуметтік қашықтық сақтала ма?

Оқушылар Білім және Ғылым министрлігі талаптарына сай әлеуметтік қашықтықты сақтайды. Creche, Nursery, Reception, KS1, KS2 және KS3 деңгейлерінде сабақтар бір сынып бөлмесінде өтетін болады. Емтихан болатын жоғары сыныптарда ғимарат ішінде аздаған қозғалыстың жүзеге асырылуы талап етіледі. Ол емтихан тапсыратын пәндері бойынша қажетті жабдықтар мен қорларды алу үшін қажет (мысалы, ғылыми зертхана). Сабақтар арасында, әр сабақтан кейін санитарлық хаттамаларға сәйкес бөлменің жиналуы жүзеге асырылады.

Мектептен кейінгі қосымша сабақтар жүргізіле ме?

Мектептен кейінгі қосымша сабақтар түскі үзіліс кезінде де, мектептен кейін де жүргізілмейді.

Музыка бойынша жеке сабақтар жүргізіле ме?

Музыка бойынша жеке сабақтар санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтық бойынша ұсынылған нормаларды сақтай отырып енгізіледі.

 

Оқушы мектепке не әкелуі керек және мектепте оқушыларға мектеп құралдарынан не берілетін болады?

Балабақша  бөлімі

Мектептен беріледі: әр оқушыға  арналған жеке мөрленген оқу құралдары, оның ішінде күнделікті қолданылатын заттар болады, мысалы: қалам, қарындаш, тақтайша, өшіргіш; ермексазға арналған жеке play dough топтамалары.

Үйден әкелінуге тиісті заттар: аты-жөні жазылған бөтелке, ауыстырып киетін аяқ киім, ауыстыратын киім (оны мектепте тастап кету керек). Мектепте түскі үзіліс кезінде ұйықтайтын Nursery және Creche оқушылары күн сайын үйден таза төсек жаймасын әкелулері қажет.

KS1 and KS2

Мектептен беріледі: әр оқушыға  арналған жеке мөрленген оқу құралдары, оның ішінде күнделікті қолданылатын заттары болады, мысалы: қалам, қарындаш, тақтайша, өшіргіш; ермексазға арналған жеке play dough топтамалары.

Үйден әкелінуге тиісті заттар: аты-жөні жазылған бөтелке, ауыстырып киетін аяқ киім.

Жоғары сынып оқушылары

Үйден әкелінуге тиісті заттар: су ішуге арналған бөтелке, ауыстырып киетін аяқ киім, кеңсе заттары, оның ішінде, ғылыми есептегіш (калькулятор), геометриялық топтама, планшет немесе ноутбук (телефон әкелуге тыйым салынады).

Менің баламның жұмысы бағалана ма?

Мұғалімдер гигиеналық қатаң ережелерді ұстана отырып, оқушылардың орындаған жұмыстары бойынша кері байланысқа шығып отыратын болады.

Медициналық пункттер жұмысы қалай жүзеге асырылатын болады?

Мектептің ересек сынып оқушылары үшін қосымша медициналық орталық ашылды. Мектеп ғимаратындағы екі медициналық орталық та жұмыс күнінің кез келген уақытында кіші және ересек сынып оқушылары үшін ашық болады. Жекеленген оқшаулану аймақтары толыққанды әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар Covid белгілері айқындалған адамды оқшаулау үшін қажеттілігін жүзеге асыру үшін құрылды.

Балаларға ойнау үшін үзіліс беріле ме?

Иә, балаларға үзіліс беріледі, үзіліс кезінде әлеуметтік қашықтық пен санитарлық нормаларды сақтай отырып балалардың өз достарымен ойнап, қарым-қатынас жасай алуларына жағдай жасалады. Ойынға бөлінген уақыт аралығында әлеуметтік қашықтық сақталады, ал құрал-жабдықтар әр сабақтан кейін зарарсыздандырылып отырады.

Мектепке қайтып орала алмайтын оқушыларға білім алуға рұқсат беріле ме?

Мүмкіншіліктерге қарай сыныптарда сабақтарды онлайн жүргізу қарастырылуда. Осыған сәйкес мектепке келе алмайтын оқушылардың да тиісті білім алу мүмкіншіліктері болады.

Қалыпты мектеп формасын кию міндетті ме?

Барлық оқушылар мектепке мектеп формасымен келуге міндетті. Мектеп формасын күнделікті қадағалап отыратын болады. 

Дене шынықтыру сабағына арналған киім жиынтығын және ойын жиынтығын мектепте киініп жүрмес үшін үйден сабақ кестесіне сай келген күні киіп келулеріне болады.

Барлық оқушылар мектепке оралу формасын толтыруы керек пе?

Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепке келгенге дейін жаңа оқу жылына дайындық жүргізу  үшін «Мектепке қайта оралу» Google формасын толтырулары тиіс.

«Мектепке қайта оралу» Google формасы мектептің веб-сайтында немесе төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdxm5GGLDr8gVfl0_zqsal8jUabReCcU1Su1opn79opINOrKg/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0

Біз жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанын асыға күтудеміз және сіздерге алдағы жылға ізгі тілектерімді жолдаймыз. 

Білім беру үдерісін жетілдіру және санитарларлық нормалардың күшейтілуін қамтамасыз ету мақсатында сатып алынған және орнатылған құрал-жабдықтар:

1) Жылу камералары - 3 дана;
2) Ауаны рециркуляторлау құрылғылары - 70 дана;
3) Визуалайзерлер - 68 дана;
4) Сенсорлы диспенсер-санитайзерлер - 40 дана;
5) Интербелсенді панельдер - 3 дана;
6) қосымша үстелдер - 70 дана;
7) Сүлгілерге арналған диспенсерлер - 67 дана;
8) Қол термометрлері - 67 дана.

Болашақ

Келешекте қандай да бір өзгерістер орын алған жағдайда, сіздерге алдын-ала хабар беріледі. 

Жоғарыда атап өтілген шаралар стандартты қызмет көрсетуге кезең-кезеңімен оралудың алғашқы мерзіміне жатады. Біз кейінірек COVID-19 вирусының жұғу қауіп-қатері төмендеуіне байланысты кейбір шаралардың жұмсартылуы бойынша жүзеге асырылатын әрекеттердің келесі кезеңдерін талқылайтын боламыз. Мұның барлығы билік органдарының, Денсаулық сақтау Министрлігі мен Білім және Ғылым Министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады, дей тұрғанмен бұл шаралардың жүзеге асырылуы қауіпсіз болып табылғанда ғана мүмкін болады.

  • Қажетті физикалық қашықтықты сақтай отырып көп қатысушысы бар жиналыстың өткізілуі;
  • Бастауыш сыныптарда балалардың белгілі топтарын араластыру;
  • Дене шынықтыру бойынша сабақ санын арттыру қолжетімді болады;
  • Дене шынықтыру бойынша сабақ санын арттыру қолжетімді болады;
  • Кейбір ортақ қорларды еркінірек қолдану мүмкіндігінің болуы (АҚ – ақпараттық технологиялар, құралдар, кітапхана кітаптары).

 

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат