- Haileybury туралы
- Қабылдау
- Wellbeing
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Марапатқа ие болу үшін оқушыларға 4 бөлімнен өту шарт: шеберлік, физикалық демалыс, қызмет көрсету және шытырман оқиғаға толы саяхат. Оқушылар өздерін мүлдем таныс емес, жаңа тапсырманы шешуге тырысуы мүмкін, не болмаса, олар қазіргі уақытта жүзеге асырып жүрген әрекеттерінің жазбасын таңдай алады. Апта сайын өтетін мектептен кейінгі қосымша сабақтары шытырман оқиғаға толы саяхатпен аяқталады, оның барысында шәкірттер екі күндік түнгі жорыққа қатысып, далада шатыр құрып, толығымен тек өз күштеріне ғана сүйенеді.
Марапаттың қола, күміс және алтын 3 деңгейі бар. Барлық оқушылар қоладан бастайды және алты ай мерзім ішінде оған қол жеткізуге мүмкіндік алады.
Сілтеме төменде:
Марапаттың мақсаты - қатысушыларға өнімді және гүлденген болашаққа қол жеткізуге көмектесу. Көптеген қатысушылар марапатқа қатысу өз өмірлерін өзгертуге көмектескенін айтады. Марапатқа ие болу оқушыларға өз-өзіне деген сенімділіктерін арттыруға, сонымен қатар колледжге, университетке немесе жұмысқа орналасуға өтініш берген кезде басқалармен салыстырғанда кейбір артықшылықтарға ие екенін сезінуге мүмкіндік береді. Haileybury Astana мектебінде марапатқа қатысушыларға қола жүлдеге қол жеткізу үшін 10-сыныптан бастап осы бағытта жұмыстарын бастауға рұқсат беріледі.
Міне, Haileybury Astana мектебінде біз қазіргі уақытта Эдинбург Герцогінің қола деңгейіндегі халықаралық марапатын алу шараларын өткізіп жатырмыз.
Эдинбург герцогы халықаралық марапаты біздің мектебіміздің шәкірттеріне келесі дағдыларды дамытуға көмектеседі:
- Өзіне деген сенім және сенімділік сезімі.
- Өзін жеке тұлға ретінде сезіну.
- Бастамашылық және жауапкершілік сезімі.
- Өзінің басым жақтары туралы толық хабардар болу.
- Жаңа қырлары мен қабілеттері.
- Уақытты жоспарлау және тиімді пайдалану мүмкіндігі.
- Қоғамдастықтың басқа мүшелерінен үйрену және бәрімен бөлісу.
- Жаңа достық қарым-қатынас орнату.
- Проблемаларды шешу, таныстырылым жасау және қарым-қатынас дағдылары.
- Көшбасшылық қасиеттер және топпен жұмыс істей білу дағдылары.
Марапат үш деңгейден және төрт бөлімнен тұрады. Ол жеке тұлғаны дамытудың теңдестірілген бағдарламасын қамтамасыз етуге, сонымен қатар күрделі мәселелерді шешуге арналған. Қатысушылар өз марапаттарын алу үшін әр деңгейде барлық төрт бөлімнен өтуге міндетті. Алтын деңгейінде қатысушылар Алтын тұрғын үй жобасын да аяқтайды.
Ерікті қызмет көрсету
Бұл бөлімде қатысушылар белгілі бір уақыт аралығында ерікті қызмет көрсетуі (ерікті болуы) керек. Бұл оларға ерікті қызмет көрсетулері арқылы өз қауымдастығының басқа мүшелерінің алдындағы артықшылықтарын сезінуге мүмкіндік береді. Мысалы, табиғатты қорғау жұмыстары, жануарларға арналған баспаналарға жәрдем беру, балалар үйлеріне көмектесу, мектептегі іс-шаралар мен кітапханаға қолдау көрсету.
Дағдылар
Марапаттың бұл бөлімі музыкалық аспапта ойнау, өнердің жаңа түрі мен аспаздық шеберлікті, жаңа тілдерді үйренуді және шығармашылық жазуға үйрену сияқты жеке қызығушылықтар мен шығармашылықты, сонымен қатар практикалық дағдыларды дамытуға ынталандырады.
Физикалық белсенді демалыс
Марапаттың бұл бөлімі жастарды доппен, жеңіл атлетикамен, жүзумен, альпинизммен, шаңғы тебумен, қайық есумен немесе дзюдо сияқты денсаулықты, фитнес пен әл-ауқатты жақсарту үшін спортпен және басқа да дене шынықтырумен айналысуға шақырады.
Шытырман оқиғаға толы саяхат
Бұл бөлім топтық саяхат кезінде шытырман оқиғалар мен жаңалықтарды ашуға ынталандырады. Шағын көлемде құрылған әрбір топ бағыттарын жоспарлап, жаттыға отырып, бейтаныс жерлермен танысу мақсатында саяхатқа шығады. Бұл жаттығу жол бағдарлауды, бағытты жоспарлауды, алғашқы медициналық көмек көрсетуді, жол қапшықтарын, сонымен қатар кемпинг құралдары мен жолға қажетті азық-түлікті дайындауды қамтиды.
ЭДИНБУРГ ГЕРЦОГЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТЫ |
ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС |
ДАҒДЫЛАР |
ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ |
ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСУШЫЛАР |
ШЫТЫРМАН ОҚИҒАЛЫ САЯХАТ |
Қола |
3 ай / 13 апта |
3 ай / 13 апта |
3 ай / 13 апта |
Барлық қатысушылар келесі бағыттардың бірінде қосымша 3 ай жұмыс істеуі керек: физикалық демалыс; немесе дағдылар; не болмаса, ерікті қызмет көрсету |
2 күн + 1 түн |
Күміс |
6 ай / 26 апта |
6 ай / 26 апта |
6 ай / 26 апта |
Қола иегері емес адам келесі іс-шаралардың бірімен қосымша 6 ай айналысуы керек: физикалық демалыс; немесе дағдылар; не болмаса, ерікті қызмет көрсету |
3 күн + 2 түн |
Алтын* |
12 ай / 52 апта |
12 ай / 52 апта |
12 ай / 52 апта |
«Күміс» марапат иелері болып табылмайтын адамдар қосымша 6 ай бойы мынадай қызмет түрлерінің бірімен айналысуы тиіс: физикалық белсенді демалыс; немесе дағдылар; не болмаса ерікті қызмет көрсету. |
4 күн + 3 түн |
Біздің мектебімізде Эдинбург герцогы халықаралық марапаты бойынша жұмыс істейтін керемет қызметкерлер бар.