- Haileybury туралы
- Қабылдау
- Wellbeing
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Haileybury Astana - Ұлыбритания және Қазақстанда өз кампустары арқылы ең үздік дәстүрлі британдық білім беру жүйесі аясында жоғары білім ұсынатын тәуелсіз мектеп. Haileybury Astana мектебінде балалар өз отбасымен бірге бола отырып, сыныптан тыс өткізілетін көптеген іс-шаралар ұсынатын британдық жеке мектеп-пансионаттың тәжірибесін жинақтай алады.
Қазақстандық білім беру жүйесі ұсынатын 11 жылдық білім алудың орнына Haileybury Astana 2 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға толыққанды британдық білім беру жүйесін ұсынады, ол аяқталған соң Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы (16-18 жас) жалғасады. Егер оқушыға, қандай да бір себептерге байланысты мектеп ауыстыру қажет болса, берілген білім беру жүйесі аясында оқушы өзін қоршаған ортадағы кез келген өзгерістерге жеңіл бейімдей алатын болады.
Haileybury Astana-ның ерекшелігі оның «тұтас» білім беруінде. Біздің басты мақсатымыз әрбір оқушының тек академиялық үлгерім бойынша жоғары жетістіктерге жетуі ғана емес, жеке тәрбиелік жұмыстар мен сыныптан тыс өткізілетін сабақтар есебінен оның әлеуетінің, білімінің тереңдей түсуі де маңызды.
Haileybury Astana мектебінде балабақша, бастауыш және жоғары сыныптар бар.
Балабақша 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған және бұл жай қарапайым балаларға қарау мекемесі ғана емес, одан да тереңірек мағынаға ие мекеме деуге болады: біз балаларға өздерінің академиялық, спорттық, мәдени және әлеуметтік әлеуеттерін мейлінше дамыта алуларына көмектесеміз.
Бастауыш мектеп 5 жас пен 11 жас арасындағы балаларға арналған. Британдық ұлттық білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш мектеп екі негізгі деңгейге бөлінеді: KS1 бұл деңгей 5-7 жас аралығындағы оқушыларға арналған, ал KS2 - 7-11 жастағы оқушыларға бағытталған. Бастауыш мектеп балабақшада алған мол тәжірибеге сүйене отырып, жағымды әрі теңгерімді оқу бағдарламасы негізінде жауапкершілігі мол оқушыларды тәрбиелеуді көздейді.
Жоғары сынып 11-18 жастағы мектеп оқушыларына арналған, аталған деңгей КS3, КS4 және КS5 негізгі деңгейлеріне бөлінген. KS3 деңгейі 7-9 сынып оқушыларына арналған, мұнда оқушылардың сабақтары маман-ұстаздардың бақылаулары арқылы өткізіледі, ал білім беру бағдарламасы қарқынды әрі жан-жақты болып келеді. KS4 – бұл деңгейде 10 және 11 сынып оқушылары IGCSE (ХОБК) Кембридж университеті Халықаралық емтихан Орталығы ұсынатын бірнеше пәндер бойынша емтихан тапсырады. Қорыта келе, KS5 негізгі деңгейінде 12 және 13 сынып оқушылары Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламасымен білім алу мүмкіндігіне ие болады, аталмыш бағдарлама өз бетімен жұмыс істей білуге, көшбасшылық қасиеттерге ие болуға негізделген, сонымен қатар мұның барлығы халықаралық деңгей дәрежесінде жүзеге асырылады.
Мектеп бөлімдері |
Негізгі деңгейлер (KS) – Сыныптар |
Оқушы жасы |
Балабақша |
Балабақша: бүлдіршіндер тобы және ересек топ. Танымдық және дайындық топтары |
2-5 |
Бастауыш мектеп (Key Stage 1) |
KS1 - 1 және 2 сыныптар KS2 - 3, 4, 5 және 6 сыныптар |
5-7 7-11 |
Ересек мектеп |
KS3 - 7, 8 және 9 сыныптар KS4 - 10 және 11 сыныптар KС5 – 12 және 13 сыныптар |
11-14 14-16 16-18 |
Оқу күні негізгі деңгейлерге байланысты, нақты ақпарат төменде берілген:
Негізгі деңгей |
Басталуы |
Аяқталуы |
Балабақша |
08:15 |
15:30 немесе 17:00 қосымша сабақ болған жағдайда |
1 Негізгі деңгей |
08:15 |
15:30 немесе 17:00, 1 НД үшін сыныптан тыс сабақ жүргізілген жағдайда. |
2 Негізгі деңгей |
08:15 |
15:50 немесе 17:00, сыныптан тыс сабақ жүргізілген жағдайда |
3 Негізгі деңгей |
08:15 |
15:50 немесе 17:00, НД үшін сыныптан тыс сабақ жүргізілген жағдайда |
4 және 5 Негізгі деңгей |
08:15 |
15:50 немесе 17:00, НД үшін сыныптан тыс сабақ жүргізілген жағдайда |
Балабақша: мұнда, Haileybury Astana мектебінде, біз дүние жүзі бойынша мойындалған халықаралық мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын (IEYC) қолданамыз, аталған бағдарлама бойынша білім береміз. Берілген білім беру бағдарламасы халықаралық ортада «толыққанды баланың дамуына» қолдау көрсету үшін арнайы әзірленген және бағдарлама балаларға бүкіл өмір жолында білім алу үдерісін дұрыс жолға қою үшін берік іргетас қалауға септігін тигізеді. Тақырыптық әдіспен білім беру оқытудың әрбір бірлігін қызықты орталық тақырып айналасында, мысалы, ғарыштық «Зымыранның іске қосылуы» тақырыбы төңірегінде өткізуге мүмкіндік береді.
Бастауыш мектеп: жалпы бастауыш білім берудің Халықаралық оқыту бағдарламасы (IPC) – бұл жалпылай қамтитын, тақырыптық, шығармашылық білім беру бағдарламасының нақты оқыту үдерісі мен халықаралық ойлау және жеке дара білім алу үшін қажетті білім беру мақсаттары айқын бағдарлама, ол Халықаралық оқыту бағдарламасы (IPC) қарым-қатынасқа, ынтымақтастыққа, көрегенділік пен құрметке, шыдамдылық пен адамгершілікке қатысты жеке мақсаттарға негізделген.
Haileybury Astana мектебінде 1-сыныптың негізгі деңгейінде оқу барысында біздің оқушыларымыз балабақшадан алған мол тәжірибелеріне сүйенеді, сондай-ақ өздерінің әлеуметтік, математикалық және қарым-қатынас жасай білу дағдыларын ойындар және мультисенсорлы білім алу арқылы әрі қарай дамыта түседі. Зерттеу мен практикалық жұмыстарға бағытталған есептеу және санау ойындарына аса зор мән беріледі. Оқушылар дайын болғанына қарай төрттаңбалы сандармен жұмыс істеу барысына жетелейтін анағұрлым күрделі формалды математикалық тұжырымдамалармен таныса бастайды.
Haileybury Astana мектебінде 1-сыныптың негізгі деңгейінде оқу барысында оқушылар балаларға арналған жаһандандық өзекті тақырыптар арқылы қоршаған әлем жайлы толығырақ мәліметтерді біле бастайды, ғылымның түрлі аспектілерін зерттей отырып, тарихпен және географиямен танысады. Дене шынықтыру, музыка, жүзу, қазақ тілі, театр өнері мен би өнері пәндерін жүргізетін пән мұғалімдерінің арқасында Haileybury Astana мектебінің оқушылары білім берудің жайлы ортасында теңгерімді кең ауқымды білім бағдарламасымен таныса алады, бұл өз кезегінде әрбір оқушының дамуына өз септігін тигізеді.
Haileybury Astana мектебінің 2 негізгі деңгейіне көшкеннен кейін, әрбір оқушының жеке білім алуы мен мінез-құлық, тәртібіне жауапкершілікпен қарауына, тәуелсіз, дербес болуына көп көңіл бөліне бастайды. Біз оқушылардың өз жұмыстарына мұқият ден қойып, нәтижесінде өздерінің жасаған жұмыстарымен мақтанатын болады деп сенеміз.
Haileybury Astana мектебінің 2 негізгі деңгейінде біздің оқушыларымыз осыған дейінгі алған білімдерін, дағдыларын дамыта түседі, сонымен қатар оқу мен жазу дағдыларына бағытталған, сондай-ақ тарих пен география пәндерінің аспектілерін қамтитын жаһандық өзекті кіріктірілген тақырыптарды оқып, білім алу арылы өз көзқарастарын кеңейте түседі. Дене шынықтыру, музыка, жүзу, қазақ тілі, театр өнері мен би өнері пәндерін жүргізетін пән мұғалімдерінің арқасында Haileybury Astana мектебінің оқушылары жағымды білім беру ортасында теңдестірілген кең ауқымды білім бағдарламасымен таныса алады, бұл өз кезегінде әрбір оқушының дамуына өз септігін тигізеді.
Ересек мектеп: мұғалімдер таңдау тілі сабақтарынан өзге сабақтардың барлығын ағылшын тілінде жүргізеді. Білім беру бағдарламасы қарқынды әрі жан-жақты, оның құрамына шығармашылық және өндірістік, академиялық бағыттардың барлығы енгізілген. Оған қоса, (CCA) 7–9 сыныптардағы сыныптан тыс жүргізілетін қосымша сабақтардың бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктері, білім алудағы жауапкершілік пен зейіннің артуы ескеріле отырып жасалған. Ол оқушыларға жаңа іс-әрекет пен пәндер бойынша өз қызығушылықтары мен дағдыларын жылдам бағалай алуларына мүмкіндік береді.
Оқушылар Кембридж университеті Халықаралық емтихан Орталығы (CIE) ұсынатын бірнеше пәндер бойынша IGCSE (Халықаралық Орта білім туралы куәлік) /GCSE (орта мектепті аяқтауы туралы куәлік) емтихан тапсырады. Ол сонымен қатар әлем бойынша мектеп жасындағы оқушыларға халықаралық біліктілік ұсынатын ең ірі жеткізуші болып табылады. Екі жылдық курс аяқталғаннан кейін, емтихандарды сәтті тапсырып болған соң, оқушылар білім алудың келесі кезеңіне өтуге дайын екендіктерін білдіретін әрбір пән бойынша халықаралық жарамды болып табылатын куәліктерге қол жеткізеді.
10 және 11 сыныптарда барлығы ағылшын тілін (бірінші немесе екінші тіл ретінде; сонымен қатар ағылшын әдебиеті таңдау пәні болып саналады), математика, жаратылыстану ғылымдары және қазіргі шет тілдері пәндерін оқиды.
Haileybury Astana мектебінің алтыншы негізгі деңгейі болашаққа жол таңдауға қатысты керемет мүмкіндіктер ұсынады. Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы (IB) – бүкіл әлемдік білім ордаларына танылған тамаша біліктілік болып табылады. Көптеген американдық университеттер 16 жас пен 18 жас аралығындағы оқушыларға ұсынылатын осы аталмыш біліктілікке ие болған оқушыларға бірінші оқу жылының бағаларын жарамды деп таниды. Әлемнің және Ұлыбританияның көптеген университеттері Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасын тәмамдаған оқушыларды олардың білім алу және зерттеушілік дағдыларының дамығандығына байланысты жоғары бағалайды, осыған орай қазіргі таңда Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы Ұлыбританияның бірнеше жетекші, үздік мектептерінде оқушыларға ұсынылуда.
Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы – дүние жүзі бойынша жоғары оқу орнына барар алдындағы ең қарқынды дамушы бағдарлама.
Иә, өзге тілдерді оқу сабақтарын қоспағанда, бүкіл мектеп бойынша білім алу тілі барлық жастағы мектеп оқушылары үшін ағылшын тілі болып табылады, сабақтарды британдық білім беру біліктілігіне ие ағылшын тіл иелері жүргізеді.
Ағылшын тілін қосымша тіл ретінде EAL (Ағылшын тілі қосымша тіл ретінде) жүргізетін пән мұғалімдерінің көмегі мен қолдауы қажет болған жағдайда, оқушының ана тілінен кейбір сөздерді тікелей аудару қажеттілігі туындайды.
Мектептің оқу ақысы туралы ақпаратты мектеп сайтынан, төменде берілген сілтемемен өту арқылы таба аласыз: https://www.haileybury.kz/kz/astana/fees
Мектептегі оқу ақысы Қамқоршылар кеңесінде жыл сайын қарастырылып, алдағы оқу жылының ақысы туралы ақпарат мамыр айында хабарланады.
Өкінішке орай, оқушыларды үйге жеткізу қызметі қарастырылмаған. Нұр-Сұлтан қаласында мектеп автобустарының қызметін ұсынатын компаниялар бар, ата-аналар ол компаниялармен өздері жеке келісім жасаса алады, бірақ мектеп бұл компаниялармен жұмыс істемейді.
Haileybury Astana – бұл қауымдастық болып табылатындықтан, ата-аналар оның ажырамас маңызды бөлігі. Қалыпты жағдайда ағымдағы оқу жылы барысында ата-аналар түрлі іс-шараларға атсалыса алады, шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсету, өз баласының оқитын сыныбының өкілі ретінде сайыстарға қатысып, не болмаса, баласының көрсеткен өнерін тамашалай алады, біз сіздердің мүмкіндігінше мектеп өміріне рұқсат етілген меже шамасында атсалысқаныңызды құптаймыз. Пандемияға қатысты қабылданған шектеу шараларына байланысты бұл іс-шаралардың жүзеге асырылуы уақытша тоқтатылып тұр, дегенмен бұл ата-ананың мектеп өміріне атсалысу құндылығының төмендегенін білдірмейді.
Ата-аналармен үздіксіз қарым-қатынаста болу оқушының жағдайын жасауда маңызды роль атқарады. Осыған байланысты ата-аналар мектепішілік қойылмдар мен концерттерге, өзге де өткізілетін іс-шараларға қатысуға үнемі шақырылады. Haileybury ата-аналар ассоциациясы мектеп ата-аналарының мектеп өміріне қызу араласуларына мүмкіндіктер ұсынады.
Haileybury ата-аналар ассоциациясы түрлі іс-шараларды ұйымдастыру барысында мектеппен тығыз қарым-қатынаста болады – ресми балл кештерінен бастап, қарапайым сайыстар мен викториналарды өткізуге өз қолдауларын көрсете алады. Оның басты мақсаты әрбір ата-ана үшін мектеппен тығыз байланыста болып, қажеттісін керегінше ала алуы үшін мүмкіндік пен орта қалыптастыру болып табылады.
Haileybury Astana пайдалы таңғы ас, ыстық түскі ас және тіскебасар мен бесіндік тағам ұсынады. Барлық тіскебасарлар мен тағамдар мектеп асханасында дайындалады. Ас мәзірі арнайы диетолог мамандардың көмегімен балалардың қызығушылығы ескеріле отырып, олардың теңгерімді және пайдалы тағам жеу жағдайлары ескеріле отырып жасалады. Тамақтандыру мектептің оқу ақысына қосылған.
Таңғы ас қазіргі таңда барлық сынып оқушылары үшін сыныптарында беріледі.
Балабақшадағы балалар бұрынғыдай өз тамақтану асханасында тіскебасар мен түскі тамақты әлеуметтік арақашықтықты сақтау және санитарлық жағдайды дұрыс сақтау мақсатында шахмат кестесі режіміне сәйкес отырып тамақтанады (бір мезгілде ең көп дегенде екі топ қана бөлменің екі бас жағында отырып тамақтана алады).
КС1 және КС2 деңгейлерінің оқушылары үшін таңғы ас, тіскебасар, түскі ас және бесіндіктер өздері сабақ оқитын сыныптарында беріледі.
Жоғары сынып оқушылары оффлайн режімге көшіп, білім алу үшін меектепке қайта оралғанда, олар мектептің басты асханасына белгілі бір мезгілде, әлеуметтік қашықтықтықты сақтау үшін бір-бірінен алшақ тұрып тамақ алуға кезек күтетін болады. Содан кейін отырып тамақтану үшін біржақты қозғалыс жүйесін ұстана отырып, асханадағы белгіленген орындарға жайғасады. Асхананы әрбір тамақтану процесінен кейін зарарсыздандырып отырады. Барлық оқушылар асханаға кірген және шыққан кезде қолдарын зарарсыздандыру құралымен тазалайтын болады.
Біздің ас мәзіріміз жыл бойы маусымдық тағамдардың дайындалуына байланысты өзгеріп отырады. Егер сіз біздің мектебімізді көруге келсеңіз, өзіміздің соңғы ас мәзірімізді қуана көрсететін боламыз. Ал егер сіз ас мәзірінің көшірмесін алғыңыз келсе, оқушыларды қабылдау бөлімінен алуыңызға болады.
Иә, Haileybury Astana мектебі кең ауқымды спорттық, музыка, сонымен қатар академиялық сабақтардың, мысалы: шахмат, баскетбол, жүзу, волейбол, таллқылау клубы, 3Д-өнері, тілдік курстар және музыкалық аспаптар, т.б. тізімін ұсынады. Алайда қазіргі таңда сыныптан тыс өткізілетін сабақтар пандемияға байланысты шектеу шараларының аяқталуын күтетіндіктен уақытша жүргізілмейді. Шектеулер алынып тасталғаннан кейін ғана ағымдық оқу жылының сыныптан тыс өткізілетін сабақтарының толық бағдарламасы жарияланатын болады.
Ересек мектеп
Оқу күні сағат 08:15-те басталады. Алдымен оқушылар өз сынып жетекшісімен 15-минуттық кездесу өткізеді. Екі 55-минуттық сабақтан кейін 20-минуттық үзіліс болады, яғни 10:20-дан 10:40-қа дейін. Осыдан кейін оқушылар тағы да келесі екі 55-минуттық сабаққа оралады, ол сабақтар 12:30-ға дейін болады. 12:30-дан 14:00-ге дейін оқушылар түскі тамақтарын ішеді, үзіліске шығады және Үйаралық жиналыстарына, жарыстарға, сонымен қатар сыныптан тыс өткізілетін сабақтарына қатысады. Күннің соңғы екі сабағы 14:00-ден 15:50 аралығында өткізіледі. Сыныптан тыс өткізілетін сабақтар 17:00-ге дейін, дүйсенбі мен бейсенбі аралығында жүргізіледі. Сыныптан тыс өткізілетін сабақтар қашықтан оқыту кезінде жүргізілмейтініне назар аударуларыңызды сұраймыз. КС5 деңгейінің оқушылары үшін бір аптаға жоспарланған оқу кезеңдері бар, сол оқу кезеңдеріне сәйкес олар Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша дербес, өз бетімен білім алу аспектілерін қарастыра алады.
Иә, оқушылар мектеп формасын киеді, мектеп формасын мектеп дүкенінен немесе www.schooluniform.kz сілтемесі арқылы өтіп, онлайн дүкеннен де сатып алуға болады. Ең дұрысы, өз балаңызды мектепке қабылдануы үшін алып келгенде мектеп дүкеніне кіріп көрген жөн, сонда ғана балаңыздың дұрыс өлшемін, қонымдылығын тексере аласыз.
Егер сіз өз балаңызды Haileybury Astana мектебіне бнруге мүдделі болсаңыз, біз сізбен кездесуге әрі мектепті аралап көрсетуге дайынбыз. Ол үшін төменде берілген сұраным формасын толтыруыңызды өтінеміз, содан кейін жуық арада сізбен оқушыларды мектепке қабылдау бөлімінің қызметкерлері хабарласып, кездесу күнін белгілейді. Ashyq мәртебеңіз жасыл болса, біз мектеп күндерінде студенттер мектепте болған кезде кездесулерді ұсынамыз. Олай болмаса, кездесу уақытты аптаның жұмыс күндерінде 16:00 -17:00 аралығына қоюға болады. Әлбетте, кездесу уақытын басқа да уақытқа қоюға болады, бірақ ол жағдайда сіз өзіңізбен танысып, мектеп жайлы толығырақ ақпарат бере алатын кейбір мұғалімдермен кездесе алмайсыз.
Кейт Стивенс ханым, бастауыш мектеп меңгерушісі, жыл бойы жүйелі түрде білім беру процесін талқылау мақсатында таңғы уақытта кофе іше отырып өткізілетін кездесулер ұйымдастыратын. Стивенс ханым, әрине, барлығыңызбен бірдей кездескісі келгенімен, ағымдық шектеулерге байланысты кездесуді онлайн форматында өткізіп, Zoom–да сақтауға мәжбүр. Біз үнемі тұрақты түрде шақыртулар жібереміз және ата-аналар да бұл кездесулерге әрдайым қуана-қуана қатысуға әзір.
Балабақша мен бастауыш мектептегі сіздің қарым-қатынас жасайтын ең маңызды адамыңыз – бұл балаңыздың сынып жетекшісі, тәрбиешісі. Бұл кісімен сіз балаңыздың біліміне қатысты барлық мәселелер туралы, сонымен қатар оған қатысты жүргізілетін тәрбиелік жұмыстар туралы да сөйлесе аласыз. Мұғалімдер күні бойы қарбалас жұмысбасты болғандарына қарамастан, сіздің жазған электронды хатыңызға 24 сағат ішінде жауап жазуға тырысады. Haileybury Astana мектебінің мұғалімдері балалардың білім алу процесін жандандырып, дамыта түсу мақсатында ата-аналармен жағымды, оң көзқарастағы қарым-қатынас жасауға талпынады. Жыл бойы сіздің өз сынып жетекшіңізбен кездесіп сөйлесуіңіз үшін көптеген мүмкіндіктер беріледі, жыл басындағы танысу, нақты пәндер бойынша жүргізілетін ашық сабақтар күнінде, тақарыптық сабақтар бойынша өткізілетін кездесулер, ата-аналар жиналысы. Егер сіз және сіздің сынып жетекшіңіз қосымша кездесу күнін белгілеу қажет деп тапса, мұндай мәселенің шешімін тез әрі оңай табуға болады.
Ересек мектепте әрбір оқушы Үй деп аталатын бірнеше мұғалімдер жиналған топқа енгізілген. Оқушы да сол Үйге тиесілі болады. Ең бірінші байланыс жасайтын тұлға ол оның сынып жетекшісі, сонымен қатар олар Хаусмастермен де кездесулері мүмкін, не болмаса кез келген пән мұғалімінен кеңес алу үшін, қолдау табу үшін сөйлесуі мүмкін. Егер сіз өз балаңыздың білім алуына алаңдаушылық білдіретін болсаңыз, бұл мәселе туралы оның сынып жетекшісімен сөйлескеніңіз дұрыс, сондай-ақ Хаусмастермен де кездесуіңізге не болмаса кез келген пән мұғалімімен сөйлесуіңізге болады. Сынып жетекшісі мен Хаусмастерлер үшін оқушының жайлылығы тізімнің жоғары жағында тұратын мәселе, оған қоса баланың білімі мен табысы да маңызды. Әрбір ағымдағы оқу жылында екі ата-аналар жиналысы өткізіледі, одан басқа да өткізілетін әлеуметтік іс-шаралар ата-аналардың өз баласының мұғалімдерімен кездесулеріне мүмкіндік береді. Егер де қанддай да бір себептерге байланысты қосымша ақпарат қажет болса, мұғалімдер қосымша кездесу күнін белгілей алады.
Қазақ тілін оқыту бойынша үйрету материалдары үш негізгі топқа бөлінген:
«Ғажайып елге саяхат» бөліміне жеке уақыт бөлінген. Бастауыш мектеп үшін. «Ғажайып елге саяхат» сабағына ертегі тыңдау, тақпақтар жаттау, сөзжұмбақ шешу, ән айту, би билеу, театрлық қойылымдар және тағы да басқа оқушылардың танымдық ойлау және тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруға арналған сабақтар енгізілген.
Haileybury Astana мектебінде қазақ тілін оқытудың мақсаты – оқушыларды вербалды қарым-қатынас жасаудың жаңа тәсілдерімен таныстырып, үйреніп отырған тіл арқылы қазақ халқының мәдениетін үйрету, таныстыру, сонымен қатар қазақ тілі арқылы оқушыларды жан-жақты дамыту болып табылады.
Оқыту мақсаты:
Бұл пәннің білім беру мақсаты белгілі бір тәртіппен де тығыз байланысты, себебі олар балаға жаңа сөздерді, сөйлем ішіндегі сөздердің орналасу ретін есте сақтап, жаттауды, сонымен қатар сөздік қатарын толықтыруды ғана үйретіп қоймайды, сол жаттаған сөздерін орнымен дұрыс қолдануды, сөйлемді дұрыс құрауды да үйретеді.
Біз мектеп оқушыларының мақсаттары мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында қазақстандық ұлттық білім беру бағдарламасының бейімделген нұсқасын ұсынамыз.
Қазақ тілі Haileybury Astana мектебі ұсынатын оқу бағдарламасының ішіндегі теңгерімді, кең әрі бай тілдердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан жеріндегі барлық мектептер қазақ тілін тек қана жүргізіп қана қоймай, оған қоса оқушыларға қазақ елінің географиясы, тарихы, тілі туралы да ақпараттар бере отырып, балалардың көзқарастарын кеңейтіп, аталған мемлекеттің мәдениетін жоғары деңгейде бағалай алуына мүмкіндік береді.
Бастауыш мектеп оқукшылары қазақ тілінің орнына өзге тілді үйрене алмайды, дегенмен басқа тілді сыныптан тыс сабақтар аясында үйрену мүмкіндіктері туралы мәселені талқылай аламыз.
Тақырыптық білім алу – Haileybury мектебінің балабақша және бастауыш мектептерінде қызықты тақырыптарды үйретудің кеңінен таралған әдісі. Бұл білім беру әдісі, оның аясында оқушылар бірнеше пән бойынша бір-біріне ұқсас, жалпылама, нақты тақырыптарды өтеді. Бір тақырыпты түсіндіру үшін өзге пәндердің өзара кіріктірілуіне негізделген әдіс.
Мысалы, 5-сынып оқушылары Жібек Жолы туралы тақырыпты өтіп жатқан болса, осы аталған тақырып олардың өзге де пәндері бойынша қамтылып өтіледі деген сөз. Бұл тақырыптың жан-жақты қарастырылып, оқушыларға мейлінше қажетті ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді, тақырып өтіліп біткен соң оқушылар нені түсінгендерін көрсетіп бере алады. Бұл оқушылардың қолдан жасаған бұйымдарының қолөнер көрмесі немесе жалпыға арналған қойылым болуы мүмкін.
Мектептегі әрбір оқушы төрт Хаустың біреуіне тиесілі болады. Мектеп мұғалімдері мен оқушыларымыз өз Хаустарының жанкүйерлері, осыған байланысты Хаустар арасында мектепішілік спорттық сайыстар, орындаушылық өнер түрі немесе академиялық жарыстар өткізіліп, бір-бірімен сайысқа түседі, бәсекелестік орнатады. Егер байқаған болсаңыз, балалар қандай да бір сайысқа қатысатын күні толқып жүреді.
Ересек мектепте Хаусмастерлер тәрбие жұмыстарына жауап береді, сонымен қатар өз оқушыларымен күн сайын кездесіп отыратын тәлімгерлер тобының қолдауымен әр оқушыға көмек беруге тырысады. Төрт Хаус кішігірім қауымдастықтар секілді және мектептегі өз Хаусындағы өзге балалармен қызметкерлердің бірдей болуын қамтамасыз етеді.
Ересек мектепте Хаусмастерлер тәрбие жұмыстарына жауап береді, сонымен қатар өз оқушыларымен күн сайын кездесіп отыратын тәлімгерлер тобының қолдауымен әр оқушыға көмек беруге тырысады. Төрт Хаус кішігірім қауымдастықтар секілді және мектептегі өз Хаусындағы өзге балалармен қызметкерлердің бірдей болуын қамтамасыз етеді.
Haileybury Astana мектебі оқушыларының жайлылығын, академиялық үлгерімін басымдылықтар тізімінде бірінші орынға қояды, сондықтан барлық мұғалімдер сіздің балаңызға қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға мүдделі. Мұғалімнің тәрбиелік жұмыстары мен қамқорлығы жоғары деңгейде, ересек мектептегі оқушылар үшін бұл әрекет олардың тәлімгерлерінен және Хаусмастерлерінен басталады, бұл жауапты кісілермен оқушылар күнделікті қарым-қатынас жасайды. Осы жауапты тұлғалар сіздің балаңыздың қиындықтары мен мәселелері туралы сөйлесетін немесе ақыл-кеңес алатын адамдары болып табылады. Егер балаңызды нақты пән бойынша берілген жұмыс жүктемесі немесе қандай да бір күйзеліс мазалайтын болса, оқушылар осы жоғарыда аталған мұғалімдермен сөйлесе алады. Мектепте оқушылармен кездесіп, оқушы өмірінің кез келген аспектісіне қатысты сұрақтар бойынша сөйлесе алатын куратор да бар.
Haileybury Astana мектебінде академиялық білім алудың көп бөлігі мектеп қабырғасында өткізіледі, дегенмен үй тапсырмалары алынған білімдерін бекітуде маңызды роль атқарады. Білім алу мен әрбір баланың балалық шағының арасында дұрыс теңгерімді таба білу өте маңызды, сол себепті де біздің мұғалімдеріміз үй тапсырмасын беруде осы сәттерді ескереді.
Біз ата-аналар мен мұғалімдер арасында жақсы қарым-қатынастың орнағандығын мақтаныш етеміз. Білім алу үйден, отбасынан басталады, біз барлық мұғалімдер мен ата-аналар арасында ашық, сенімді қарым-қатынастың орнауы үшін қолдау көрсетіп, мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз етеміз.
Үйден білім алу сіздің балаңызға ұйымдастырушылық дағдылары мен өз уақытын басқару, өзін-өзі тәртіпке шақыру дағдыларын, мектептен тыс қолдануға болатын қорларды табу дағдылары мен өзінің білім алуына жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыта түсуге көмектеседі.
Үйден білім алу – бала мен ата-ананың бірлесе отырып жұмыс істей алу мүмкіндігінің пайда болуы, сыныптағы білімін бекіту үшін, бүкіл өмірінде болатын оқу үдерісінің жақсы әдетін қалыптастыру үшін және өзінің білім алуына жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік береді.
Ата-аналар мектеппен біріге отырып, балалардың бастауыш мектептен бастап үйден білім алудың жақсы үлгілерін қалыптастыруға қызықтыруға атсалысулары қажет.
Балалар үй тапсырмасын жоғары деңгейде орындай алулары үшін үйде тыныш орынмен қамтамасыз етілулері тиіс, теледидар көру немесе ұялы телефонмен ойнап, көңілдері басқа жаққа ауып кетпеуін бақылау қажет. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері, ата-ана баласының үй тапсырмасын орнындауына қызығушылық танытатын болса, балалардың да пәнге деген қызығушылықтары артып, тапсырма жоғары деңгейде орындалатын болады.
Haileybury Astana мектебінің оқу ақысы мектеп сапасын деңгейін көрсетеді; білім беру жағдайы, ғимарат сапасы мен қорлар. Осы жоғары стандарттарды өз деңгейінде ұстап тұру үшін құйылатын қаражат ешқандай карантинге қарамастан жүзеге асырылады. Мұғалімдер мен академиялық топтар оқушыларға білім берулерін жалғастыра береді және қашықтан оқыту режіміне бейімделеді.
Біз балалардың өзімен жасты балалармен бірге білім алуына кеңес береміз. Мұғалімдер мен қызметкерлер құрамы әр оқушының білім деңгейіне сәйкес тапсырмалар мен сұрақтар беріп, оқушылардың барлық деңгейде бірдей қолдауға ие болуларына жағдай жасай алады.
Мектебіміздегі ағылшын тілі қосымша тіл ретінде департаментінің мұғалімдері ағылшын тілінде сөйлемейтін балаларға қолдау көрсетуге даяр. Бұл үдеріс ата-ана қолдауымен, сонымен қатар оқушылардың туған тілін білу деңгейін растайтын академиялық есептер жасау арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепте барлық оқушылардың Bug Club, кітап оқуға арналған онлайн-қорға рұқсаттары бар, ол жерде оқушының деңгейі ескеріледі, оған қоса, балалардың үйде кітап оқуы үшін кітап беріледі. Балалардың балалар кітапханасы ену рұқсаты бар, апта сайын үйге кітап ала алады. Қазіргі таңда біз үйде оқу кітабын немесе кітапхана кітаптарын жібере алмаймыз.