- Haileybury туралы
- Қабылдау
- Wellbeing
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
Биыл жеткізу қызметін «ЖК Махамбетов» компаниясының жаңа микроавтобустары көрсетеді. «ЖК Махамбетов» компаниясы екі жыл қатарынан біздің серіктес болып табылады. Осы уақыт ішінде біздің ынтымақтастығымыз оқушылар үшін жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын көрсетті. Біздің серіктестер біздің құндылықтарымызды түсінеді және жоғары сапалы қызмет ұсынады.
Автобус командасында жүргізушілер және мектебіміздің қызметкерлері бар. Бұл өзгеріс оқушылар үшін жеткізу қызметін одан да жақсырақ етуі керек.
Жолсерік жолаушыларды отырғызу/түсіру жұмыстарын бақылайды, сонымен қатар автобустағы оқушыларға көмек көрсетеді және қадағалайды. Жолсерік мобиль қосымша арқылы автобустан ақпарат береді, соның ішінде жолаушыларды алып кету/түсіру, кешігулер/оқиғалар туралы хабарлау және қажет болған жағдайда ата-аналармен байланыс орнатады.
Тасымалдау үшін жолаушылар сыйымдылығы 21-28 орын, қауіпсіздік белдіктері және ескерту белгілерімен жабдықталған ыңғайлы, заманауи Toyota Coaster және Hyundai County микроавтобустары қолданылады.
Бұл жағдайда жолсерік автобусқа әлі отырмаған жолаушылардың ата-аналарына кешігу туралы хабарлама жібереді.
Бұл жағдайда жолсерік дереу Haileybury Almaty көлік менеджеріне хабарлайды және көлікті сәйкес көлікке ауыстыру және жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін дереу шаралар қабылдайды.
Жоғары сынып оқушылары ата-анасының/заңды өкілінің жазбаша келісімімен өз бетінше мінгізу/түсіру аймағына келіп, үйіне қайта алады.
Бастауыш сынып оқушылары түсіру/мінгізу аймақтарына ата-анасы/заңды өкілімен еріп жүруі керек.
Егер ата-анасы/заңды өкілі белгіленген уақытта түсіру орнында болмаса, жолсерік жолаушының ата-анасымен байланысуға тырысып, жолаушы автобустан шықпай, бағытын жалғастыра береді. Егер байланыс сәтсіз болса, оқушы ата-анасы/заңды өкілдері оны алып кеткенше мектепке қайтады.