IGCSE - бұл қарқынды ілгерілеушілік пен жетістікке жетуге бағытталған халықаралық төлқұжат. Оны бүкіл әлем бойынша жұмыс берушілер мен жоғары оқу орындары толыққанды академиялық қабілеттіліктің дәлелі ретінде қабылдайды.

IGCSE – Халықаралық орта білім туралы куәлік деген атаудың қысқартылған түрі және Орта білім туралы куәлік (GCSE) алуға бағытталған емтиханның халықаралық нұсқасы, Ұлыбритания мектептерінің 11-сынып оқушылары оқу жылының соңында тапсыруға міндетті емтихан

IGCSE – Халықаралық орта білім туралы куәлік (Халықаралық Орта білім туралы куәлік) әдетте 14-16 жастағы оқушыларды мектептен кейінгі жоғары оқу орындарына даярлауға арналған халықаралық біліктілік болып табылады.

IGCSE – Халықаралық орта білім туралы куәлік 14-16 жастағы оқушыларға ұсынылатын ең танымал әрі көпке белгілі халықаралық біліктілік. Аталған емтихан әлемнің 160-тан астам елдерінде қолданылады. Дүние жүзі бойынша 3000-нан асатын орта мектептер өз оқугыларына ұсынуда, сонымен қатар Ұлыбританияның тәуелсіз мектептері де біраз уақыттан бері осы емтихан түрін белсенді қолданып келеді.

Емтиханның танылуы мен қабылдануы

IGCSE - бұл қарқынды ілгерілеушілік пен жетістікке жетуге бағытталған халықаралық төлқұжат. Оны бүкіл әлем бойынша жұмыс берушілер мен жоғары оқу орындары толыққанды академиялық қабілеттіліктің дәлелі ретінде қабылдайды. Ұлыбританияның жоғары оқу орындарына қабылдау қызметі (UCAS) IGCSE-ді GCSE-ге балама емтихан деп санайды.

Оқушылар үшін емтихан материалдарын Кембридж Университетінің бір бөлімі болып табылатын Халықаралық Емтихан Кеңесі (ХЕК) дайындайды. Екі жыл бойындағы сіздің алатын біліміңіз курс соңындағы тапсыратын маңызды емтиханды нәтижелі, жақсы бағаға тапсыруға бағытталуы тиіс.

Бұл емтихан жай мектепішілік емтихан емес, бұл сізге жоғары оқу орнын таңдауға және зор жетістіктерге жетелейтін қызметке орналасуыңызға септігін тигізетін халықаралық деңгейде салмағы басым болып табылатын күрделі, жауапты емтихан. Емтиханды тапсырып біткеннен кейін екінші курстың соңында Сізге әр оқыған пәніңіз бойынша бүкіл әлемдік жоғары оқу орындарында қабылданатын, танылатын куәліктер беріледі, демек сіз білім алу процесінің келесі кезеңіне аяқ бастыңыз деген сөз.

Емтихан барысы

Түрлі деңгейдегі білім алушыларға сәйкес келетін бағалаудың көптеген түрлері бар – ауызша, курстық жұмыс және практикалық жұмыс. Бұл оқушылардың өз білімдерін көрсету мүмкіндіктерін кеңейтеді, әсіресе олардың бірінші тілі ағылшын тілі болмайтынын ескерсек, бұл зор мүмкіндік екенін жоққа шығара алмаймыз.

Таңдаулар ұсынылған  кітапшадағы бағалау бөлімдерін мұқият қарап шығыңыз – өз біліміңізді сынап көріңіз – Бағалауда курстық жұмыс, емтихандар, эсселер немесе қысқа сұрақтар бар ма?

Бағалау

IGCSE емтихандары төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады: G – ең төменгі нәтиже, ал А және A*- ең жоғарғы көрсеткіш балып саналады. Сондықтан сіз ең жоғары бағаны алуға әбден лайықсыз, оған мүмкіндігіңіз толық жетеді. Емтихан тапсырғаннан кейінгі алған кез келген бағаларыңыз сіздің емтиханды тапсырғандыңызды дәлелдейді, көптеген университеттер, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер үшін белгілі бір пәндер бойынша  ең төменгі көрсеткіш С және одан жоғары баға болғанын талап етеді.

Біз оқушыларымыздың емтиханнан алар бағаларының ең төмені – С, қалғандары одан жоғары бағаны алады деп сенеміз. Бұл өз алдына мақсат қоя білген кез келген оқушы үшін өте жақсы ынталандырушы күш десек болады. Көптеген оқушылар көрсетілген пәндер бойынша белгіленген осы бағалардан да жоғары бағаларға, яғни А немесе А* ие болып жататындығын ескерткіміз келеді.  

10 және 11-сынып оқушыларының барлығы үшін Ағылшын тілі  (Бірінші немесе Екінші тіл ретінде; Ағылшын әдебиетін таңдауға да болады), Математика, Ғылым пәндері және Қазіргі шет тілдерінен тапсыруға міндетті. Мектепте оқушылар Қазақ тілінен де білім алады, алған білімдері олардың елдің тілі мен мәдениетін бағалауға көмектеседі және болашақ жаһандық азамат ретінде дайындайды деп күтілуде.

Пәндерді таңдауды қалай жүзеге асыру керек?

Пәндерді ақылмен, жан-жақты саралап барып таңдау өте маңызды. Тұтастай алғанда, сіздің таңдаған пәндеріңіз сізге ең ұнайтын және сол пәннен емтиханды сәтті тапсыра алатын, өзіңізге табысты болуы мүмкін деп санайтын пәндеріңіз болғаны жөн.

Дегенмен, кейбір мамандық түрлері үшін маңызды немесе кем дегенде өте маңызды болып табылатын кейбір пәндер бар. Егер сіздің дәл қазіргі таңда белгілі бір мамандықты таңдап, соны жалғастыру жоспарыңызда болса, осы кезеңде өзіңізге қажетті пәндерді қатесіз таңдап, ең керекті сәтте сан соғып қалмау жағдайын алдын-ала ойластырып қойғаныңыз маңызды.

Халықаралық орта білім туралы куәлік (IGSCE) пен Орта білім туралы куәлік (GCSE) арасында қандай айырмашылық бар?
Халықаралық орта білім туралы куәлік (IGSCE) біліктілігін қандай жоғары оқу орындары қабылдайды?
Haileybury Astana мектебінің жоғары мектебіне қосылғаныма көп уақыт болған жоқ. Оған қарамастан емтихан тапсыру мүмкін бола ма?
Мұғалімдер туралы тағы қандай қосымша ақпарат бере аласыз?
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат