Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы (IBDP)

Экономикалық жағдай өзгеріп отырған және нақты болжауға болмайтын қазіргі әлемде болашақ ұрпақтың болашақ өмірге дайын болуы, икемді болуы және болашақ нарықтың шапшаңдығына бейімделуі маңызды.

Халықаралық Бакалавриат мәдениетаралық түсіністік пен құрметке негізделген жағымды және бейбіт әлемді құруға көмектесетін ізденімпаз, білімді және қамқор жастарды тәрбиелеуге бағытталған бағдарлама.

Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы 16-19 жас аралығындағы оқушыларға арналған білім бағдарламасы. Халықаралық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы бойынша білім алған оқушылар өзі қатарлы оқушылармен салыстырғанда, өз уақыттарын тиімді басқаруға, түрлі жаңалықтар ашуға, алуан түрлі жұмыстар орындауға бейімдірек болуға, өздеріне артылған сенімді ақтауға тырысуға, өздерімен қоса, өзгелердің де дұрыс болатындығын түсінуге бейімдейді.

Көптеген американдық университеттер 16 жас пен 18 жас аралығындағы оқушыларға ұсынылатын осы аталмыш біліктілікке ие болған оқушыларға бірінші оқу жылының бағаларын жарамды деп таниды. Әлемнің және Ұлыбританияның көптеген университеттері Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасын тәмамдаған оқушыларды олардың білім алу және зерттеушілік дағдыларының даму деңгейіне байланысты жоғары бағалайды,  осыған орай қазіргі таңда Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы Ұлыбританияның бірнеше алдыңғы қатарлы мектептерінде оқушыларға таңдау ретінде берілуде.

Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасының мазмұны қандай?

Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы 2 жылға арналған оқу курсы, студенттер 6 түрлі таңдау тобы бойынша іріктеп алған 6 пәні бойынша білім алады. Бұл пәндердің 3-уі Жоғары деңгей бойынша оқытылатын болса, қалған 3-уі  Стандартты деңгейде оқытылады. Берілетін 6 топ төмендегідей:

Ұсынылған 6 пәнмен қатар барлық студенттер IB Core бағдарламасын аяқтайды. IB Core 3 тізбектен тұрады

6 пәннің әрқайсысындағы ең жоғары балл 7 ұпай, ал IB Core бойынша ең көп дегенде 3 ұпай жинауға болады. Барлығы ең көп дегенде 45 ұпай алуға болады.

Халықаралық бакалавр студенттерінің профилі

Халықаралық бакалавр білім беру бағдарламасының негізін Халықаралық бакалавр студенттерінің профилі құрайды.

Халықаралық бакалавр бағдарламасы бойынша білім алатын оқушылар әлемдік Халықаралық бакалавр мектептеріне ортақ 10 ерекше белгіге сай болулары тиіс. Халықаралық бакалавр оқушысының келбеті академикалық жетістіктер аясында шектелмей, одан әрі дами түсетін адам мүмкіндігі мен міндеттерінің шектеусіз екендігін сипаттайды.

АНЫҚТАМА

ТҮСІНДІРМЕ

ІЗДЕНІМПАЗ

Біз оқушылардың ізденімпаздығын, зерттеу дағдыларын өз беттерімен дамыту әрекеттерін құптаймыз. Сондай-ақ білім алуда жеке өз бетіңмен және топпен оқу ерекшеліктерін де жақсы түсінеміз. Біз өмір бойы білім алудан жалықпаймыз, ізденімпаздық біздің ең сүйікті іс-әрекетіміз бен сүйікті ісіміз.

ЗЕРДЕЛІ

Біз бірнеше пәндерді қатар зерттей отырып тұжырымдамалық түсінікті өңдеп, қолданамыз. Сонымен қатар біз өз зерттеу жұмыстарымызда жергілікті және жаһандық мәні мен мағынасы бар сұрақтарды қарастырып, жаңашыл идеялар тудырумен айналысамыз.

Біз  сыни ойлау және шығармашылық тұрғыда қарастыру дағдыларын күрделі мәселелерді шешу барысында туындаған сұрақтарды сараптау және жауапты іс-шараларды қабылдау мақсатында қолданамыз. Белгілі бір шешім қабылдауда жалпыға ортақ әдептен озбай, белгілі бір ая тұрғысында қабылдауға тырысамыз.

ТІЛ ТАБЫСҚЫШ

Біз белгілі бір ортада өз ойымызды жеткізіп, пікір алмасуда түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, бірден көп шет тілдерінде сенімді түрде жеткізе аламыз. Біз өзге жекелеген адамның немесе қандай да бір топтың айтқан пікірлерін мұқият тыңдап, ынтымақтаса отырып, нәтижелі жұмыс жасаймыз.

ПРИНЦИПШІЛ

Біз өз іс-әрекетімізде өзгелердің құқығын ескере отырып, тек шыншылдық пен әділдікті, адалдық пен тазалықты басшылыққа аламыз. Біз әрдайым өз іс-әрекетімізге және одан туындайтын салдарға зор жауапкершілікпен қараймыз.

АШЫҚ ОЙЛЫ

Біз өз еліміздің, сонымен қатар өзге елдердің де тарихы мен мәдениетін, мәдени құндылықтарын жоғары бағалап, құрмет тұтамыз, мақтан етеміз. Біз жаңа дереккөздер тауып, зерттеулерімізді жаңартуға, тәжірибе аясын кеңейтуге дайынбыз.

ҚАМҚОР

Біз әрқашан өзімізді қоршаған ортаға қамқор болып, өзгелерді құрметтеуге тырысамыз. Біз әлемге жаңа, жағымды өзгерістер енгізу үшін қызмет түрлерінің сапасын жақсартамыз, өз өміріміз бен қоршаған ортадағы өзгелердің өмірін жақсартуға, жақсы жаққа өзгерту үшін бар күшімізді саламыз.

ТӘУЕКЕЛШІЛ

Жаңашыл және озық идеяларды тауып, жүзеге асыру мақсатында жеке дербес және ұжымда жұмыс істеуге дайынбыз. Біздің өз мақсаттарымызды жүзеге асыруға қажетті қорларымыз жеткілікті және бізге қарсы келген қиындықтарға мойымай, тәуекелге бара аламыз.

ТЕҢГЕРІМДІ

Біз өміріміздің түрлі салаларының өзара теңгерімде болуының маңыздылығын түсінеміз, мысалы, интеллектуалды, физикалық дайындық пен эмоционалдық жақтардың өзара үйлесімде болуы. Өз-өзімізді жақсы сезіну үшін және өзгелердің де бақуатты өмір сүрулері үшін бұл өте маңызды нәрсе. Біз өзгелермен болатын қарым-қатынастың заңдылықтарын және өзіміз өмір сүретін әлеммен байланыстың болуын жақсы түсінеміз, сондықтан теңгерімнің, үйлесімнің сақталуы да қажет.

ТАЛДАҒЫШ

Біз өзіміздің әлемге қосар үлесіміздің, жаңа идеяларымыздың және тәжірибелеріміздің әлемге әкелер пайдасы мен зиянын талқылап, талдаймыз. Біз өзіміздің басым және әлсіз жақтарымызды өзіміздің жеке басымызды дамыту үшін және білімімізді жетілдіре түсу үшін қолданамыз.

Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасының (IBDP) қандай артықшылықтары бар?

Біздің мектебіміздің түлектері Оксбридж және Russell Group институттарына, сонымен қатар АҚШ-дағы Ivy League университеттеріне қабылданды.
БАРЛЫҚ КЕЗДЕГІ УНИВЕРСИТЕТ БАҒЫТТАРЫ

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағдарламаның ортасында пәндерді ауыстыра аламын ба?

Студенттерге пән таңдауын 12-ші сыныптың бірінші жартыжылдығында өзгертуге рұқсат беріледі. Осыған дейін тым көп мазмұн қамтылып қойғандықтан, оқушылар мен мұғалімдерге жаңа пәндер бойынша материалдарды оқып үлгеру өте көп жұмыс болады.

ХБ Дипломына ие болу үшін студент қанша ұпай жинауы тиіс?

ХБДБ-на үшін өту ұпайы барлығы 24 баллды құрайды және барлық пәндер бойынша кем дегенде өту деңгейіне жетуі керек. ХБДБ-нан сәтті өту үшін барлық студенттер IB Core-ның барлық үш тізбегін де аяқтауы керек екендігі айқын болуы керек.

ХБ орташа ұпайы қандай?

Халықаралық бакалавриат курсының орташа ұпайы -  37.5. және ХБ-ның ең жоғары ұпайы - 43.

Халықаралық бакалавриат Диплом бағдарламасын оқыған студенттердің осы курс бойынша білім алмаған оқушылармен салыстырғанда қандай артықшылықтарға ие?

Халықаралық бакалавриат Диплом бағдарламасы курсы - бұл халықаралық деңгейде танымал және жоғары оқу орындарында ерекше бағаланатын мектеп біліктілігі. Курстың біртұтас сипатта оқытылуына байланысты барлық ХБДП түлектері мектепті шын мәнінде жаһандық деңгейде ойлайтын, жоғары білім мен жұмыс әлеміне қажетті дағдылары бар азаматтар ретінде бітіріп шығады.

ХБ мақсаты «халықаралық мәдени түсіністік пен сыйластық арқылы жақсы және бейбіт әлем құруға көмектесетін ізденімпаз, білімді және қамқор жастарды дамыту» болып табылады. Бұл нәтижеге академиялық қатаңдық пен IB Core бағдарламасын аяқтау арқылы қол жеткізеді, сол арқылы студенттер қызмет көрсету және қоғамға, сонымен қатар бүкіл әлемге қамқор болудың жағымды әсеріне ие болады.

Халықаралық бакалавриат пен A-level курстарының арасындағы басты айырмашылық неде?

A- Level курсы дискретті болып келеді, ал ХБ (халықаралық бакалавриат) дипломы біртұтас сипатта болады. A- Level курсының студенттері бір-біріне қатысы жоқ жеке пәндерді оқиды. ХБ дипломы кең, жақсы жоспарланған және баланы жан-жақты дамытуға бағытталған. Мысалы, ХБДБ бойынша студенттер келесі бағыттар бойынша дағдыларын дамытады:


Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасын аяқтаған студенттер даярлау бағдарламасын оқуға міндетті ме?

Қысқа жауабымыз ЖОҚ болмақ. Алайда бейнелеу өнері / графикалық дизайн саласында білім алғысы келетін студенттерге арналған ескеретін кейбір ерекшеліктер бар. Университет деңгейінде оқытылатын кейбір курстар студенттердің орта біліміне қарамастан, іргетас курсынан өтуді талап етеді.

Халықаралық Бакалавриат емтиханын шетелдік мектептерде емес, не себепті Haileybury Astana мектебінде тапсыру тиімді?

Haileybury Astana мектебінің IBDP студенттері келесі мүмкіндіктерге ие болады.


Haileybury Astana мектебі Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасына шәкіртақы ұсына ма?

Иә! Әрбір жылы Қазақстанның талантты әрі дарынды оқушыларын тауып, Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы бойынша тегін білім алуы үшін арнайы іс-шара өткіземіз. Толығырақ ақпарат алу үшін мектептің қабылдау бөлімімен хабарласыңыз.

Жаңалықтар
20.12.2024
Есте қаларлық кеш: Haileybury Astana-дағы Қысқы Бал 2024
Haileybury Astana 10 желтоқсанда Қысқы Бал өткізді — 10–13 сынып оқушылары үшін шығармашылық пен талантқа толы ұмытылмас кеш.
19.12.2024
Haileybury Astana-да Жаңа жылдық жемпір күні ерекше көңіл-күй сыйлады
Haileybury Astana семестрдің соңғы күнін Жаңа жылдық жемпір күнімен атап өтті. Оқушылар мен мұғалімдер сүйікті жаңа жылдық жемпірлерін киіп, бірлік пен қуаныш атмосферасын құрды.
13.12.2024
Hearts and Wings: 2024 жылдың қараша айының шығарылымы дайын!
Hearts and Wings — Haileybury Astana мектеп газеті клубының шығарылымы. 2024 жылдың қараша айындағы шығарылымы шабыттандыратын оқиғалар, шығармашылық жұмыстар және мектеп жетістіктерін қамтиды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат