- Haileybury туралы
- Қабылдау
- Wellbeing
- Іс-шаралар
- Жаңалықтар
- Байланыc деректері
- Төлем
1-негізгі буын кезеңінде Haileybury Astana оқушылары Балабақшада меңгерген білімдеріне сүйеніп, ойындық және мультисенсорлық оқу қызметін құрамдастыру арқылы әлеуметтік, есептеу және қатынасу дағдыларын дамытуды жалғастырады. Біз зерттеуге және тәжірибе жұмысына ерекше көңіл бөле отырып, есептеу және сандарды білу ойындарын ойнаймыз. Дайындығына қарай оқушылар сандармен жасалатын барлық төрт амал бойынша көпшілік қолданатын математикалық ережелермен танысады.
Haileybury Astana 1-негізгі буын оқушылары ғылым, тарих және география салаларына арналған бірқатар тақырыптарды үйрену арқылы айналадағы әлем туралы көп мағлұмат алады. Haileybury Astana-да біз дене шынықтыру, жүзу, музыка, қазақ тілі, театр өнері және би сияқты пәндерден құралатын ауқымды оқу бағдарламасын ұсына отырып, әр оқушыға өз әлеуетін ашу мүмкіндігін береміз.
2-негізгі буын кезеңінде оқушылардың зейіні өздерінің дербестігі және үлгерімі мен тәртібі үшін жауапкершілігіне шоғырландырылады. Осы жасында біз баладан өз сабақтарында зейін қоюға көбірек уақыт бөлуін күтеміз.
Haileybury Astana-да 2-негізгі буын оқушылары тарих пен география бойынша балалардың мүдделеріне бағытталған ғаламдық тақырыптарды зерделей отырып, алған дағдыларын, меңгерген білімдерін, сондай-ақ сауаттылығын дамытуды және өз ой-өрісін кеңейтуді жалғастырады.
Haileybury Astana-да біз әр оқушыға дене шынықтыру, жүзу, музыка, қазақ, орыс, испан тілдері, театр өнері, би және өнер сияқты пәндерді қамтитын ауқымды оқу бағдарламасын ұсына отырып, өз әлеуетін ашуға мүмкіндік береміз.