Киплинг Үйі бір кездері Haileybury оқушысы болған және аты аңызға айналған жазушы және ақын Редьярд Киплингтің есімімен аталған.

Киплинг Хаусы аты аңызға айналған жазушы және ақын, бір кездегі Haileybury оқушысы  Редьярд Киплингтің есімімен аталған. Киплинг мырза төзімділік, салтанат, адалдық, батылдық және өзін-өзі тану тақырыптарын зерттейтін «Джунгли кітабы» шығармасымен танымал; Киплинг Хаус мүшелері осы қасиеттердің барлығын үнемі ұстануға тырысады. Киплинг спорттық жарыстардағы ең сәтті Хаус және оқушылардың жетістіктері үнемі атап өтіледі. Оқушылар галстук пен көйлектерінде осы Хаусты бейнелейтін жасыл түстің барына аса мақтанады. 

Кіші мектеп

Арина Исмагүл ханым - Киплинг Хаусының Кіші мектептегі Housemistress-ы. Ол кіші мектеп оқушыларын әр түрлі жұмыстарға баулып, тартады және де оқушылар үздік нәтижелерге ұмтылатын атмосфера құра алды. Ол бірнеше жылдан бері Киплинг Хаусының Housemistress-ы болып келеді, осының арқасында Исмагүл ханым мен Киплинг оқушылары арасында сенімді және табысты қарым-қатынас орнады.  

Жоғары мектеп

Шелли Уильямс ханым - Киплинг Хаусының Жоғары мектептегі Housemistress-ы. Ол өзінің Хаусындағы барлық оқушыларға үлкен үміт артады және оларды үнемі Хаус атынан іс-шараларға қатысуға шақырады. Уильямс ханым оқушыларды жайлылық аймағынан шығуға, жаңа дағдыларды дамытуға және қосымша еңбектенуге итермелейді. Хаус мүшелері бір-бірімен сенімділік, достық және адалдықта негізделген ерекше қарым-қатынас құрды, және де Киплинг Хаусы өте ұжымшыл, ұйымдасқан әрі берекелі қауым, және де Хаус «Бұл менің үйім емес, бұл біздің үй» деген ұранды басшылыққа алады.        

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

Қазіргі таңда мектеп жазғы демалысқа байланысты жабық болады. Мектепке қабылдану туралы толық ақпаратты біздің сайтымыздың «Мектепке қабылдану» бөлімінен таба аласыз. Сіздерге біздің мектебімізді онлайн режімде аралап шығуды ұсынамыз:

Егер сіздің қандай да бір сұрақтарыңыз болса, мектепке қабылдану туралы өтінім бергіңіз келсе, оқушыларды Мектепке қабылдау бөлімімен мына адрес бойынша admissions@haileyburyastana.kz хабарласуыңызды өтінеміз. WhatsApp + 7 777 522 45 15 нөміріне жазыңыз немесе +7 7172 55 98 55 нөмірі бойынша телефон соғыңыз.

Біз сіздермен кездесуді асыға күтеміз!