Мектеп басшылығы

Мектеп басшылығымен таныс болыңыз
Джон Коулз
Джон Коулз
Haileybury Astana мектебінің директоры
Уэльс университетінің түлегі, География пәні бакалавры, Букингем университеті, Білім берудегі көшбасшылық мамандығы бойынша магистр, Шығыс Англия университеті, PGCE, QTS
Коулз мырза білім беру саласында жиырма төрт жылға жуық еңбек етіп келеді. Қазақстанға өз отбасымен көшіп келмес бұрын Ұлыбританияның тәуелсіз үш мектебінде қызмет атқарған. Ол Haileybury Group тобымен тығыз байланысты, оны Лондон қаласынан қашық емес жерде орналасқан Haileybury U.K. мектебінде 9 жыл жұмыс істеуімен байланыстыруға болады. Өзінің қызметтік жолындағы мол тәжірибесін Haileybury Алматы мектебінде басшылық қызметте болған уақытта одан әрі толықтыра түсті деуге болады. Сандық білім беру саласын дамыта отырып, ол білім беруге қатысты түрлі конференцияларда баяндама жасаған, мысалы, BETTS конференцияларында, сонымен қатар UCL және Білім беру депарматентімен біріге отырып, орта және жоғары звено басшыларының кәсіби біліктілігін арттыру курстарында жаттықтырып, дәріс оқыған. Коулз мырзаның Қазақстанға көшіп келгеніне үш жыл болды, оған дейін жұбайы сильвиямен және ұлы Луимен Франция мен Англияда тұрған. Одығынл қосымша тілді оқу арқылы Ағылшын тілі қосымша тіл ретінде оқыту департаментінің қиыншылықтарын жақсы түсіне алғандығына сенімді. Джон өзінің бос уақытын отбасымен өткізгенді, футбол ойнап, өз ұлымен Lego құрастырғанды жақсы көреді. Оның сандық технологияларға деген қызығушылығы жоғары және жастарды қазіргі заманауи жаңа өмірге дайындайды. Ол үнемі дамуға ұмтылады, белсенді оқу, спорт, ойындар және тұтас білім арқылы дамуды қолдайды.
Жұмыстың басталу күні
2020
Никола Керби
Никола Керби
АҚТ директоры (ағылшын тілі қосымша тіл ретінде) (EAL)
Мәдени және тарихи зерттеу салалары борйынша өнер бакалавры, Эксетер Университеті, Ұлыбритания, 2003 ж. Психология саласының ғылым магистрі, Вулверхэмптон Университеті, Ұлыбритания. PGCE куәлігі (жоғары оқу орнынан кейін білім беруге құқық беретін куәлік), Эксетер Университеті, Ұлыбритания, 2004 ж.
Николас Кирби қаржылық қызмет саласындағы мансабынан кейін ағылшын тілі мұғалімі мамандығын алу мақсатында қайта даярлау курсынан өтіп, ұстаздық еңбек жолын бастады. Оның білім беру саласындағы еңбек өтілі 18 жылды құрайды, оның 14 жылында Ұлыбританияда және шетелде түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Никола өмір бойы кәсіби даму мен білім алуға болатынына кәміл сенеді. Ол Ұлыбританияда алғашқылардың бірі болып жоғары басшылықтың Ұлттық кәсіби біліктілігі куәлігіне қол жеткізе алды және қазіргі уақытта психология саласы бойынша магистратурада оқып жатыр. Ол сондай-ақ мұғалімдерді даярлау бағдарламалары аясында әртүрлі университеттермен бірлесе отырып, түрлі пайдалы әрі маңызды шараларды жүзеге асырды. Білім алып, өзін дамытудан басқа, Николай белсенді өмір салтын ұстануды, тамақ дайындауды, оқуды және тіл үйренуді ұнатады. Ол Астана қаласымен және Қазақстанмен танысу мүмкіндігін асыға күтуде.
Жұмыстың басталу күні
2022
Эмма Грикманис
Эмма Грикманис
Бастауыш мектеп директорының орынбасары
Бастауыш мектептегі педагогика саласы бойынша өнер Бакалавры, Вустер Университет, Ұлыбритания, 2005 ж.
Ағымдағы жылды қоса есептегенде, Грикманис ханымның ұстаздық қызметте жүргеніне 19 жыл. Грикманис ханым Haileybury Astana мектебіне Тайланд корольдігінің Бангкок қаласынан келіп отыр. Бангкоктағы жұмыс уақытында Грикманис ханым бірнеше басқарушы лауазымдарда болды; 5 жыл бойы мектепке дейінгі білім бөлімін басқарды. Грикманис ханым Ұлыбританиядағы Корольдік ұстаздар колледжінің мүшесі. Ұстаздық еңбек жолын ол кішкентай балалармен жұмыс істеуге, бастауыш сыныптарда сабақ беруге және әртүрлі басшылық қызметтерді атқаруға арнаған. Ол Ұлыбританияда, Таиландта және Гонконгта жұмыс істеген жылдарында түрлі мәдениет пен ұлт өкілдерінен жиналған балаларды оқыту мен оқуға бейімдеуде үлкен тәжірибе жинақтаған. Грикманис ханым балалардың бір-біріне ұқсамайтын, қайталанбас машықтары мен қабілеттерінің дамуын бақылағанды ұнатады, сол әрекеті арқылы барлық оқушылардың өз беттерімен өсіп-жетіліп, табысқа жетулеріне мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ балалардың қауіпсіз және бейбіт оқу ортада білім алуын қамтамасыз етуді және барлығының әл-ауқатын жақсарта түсуді өз алдына мақсат етіп қойған. Ханым балалар өздерін қауіпсіз сезініп, өздерін құрметтейтінін түсініп, қоршаған ортадан қамқорлық көретін болса, білім алуда да зор жетістіктерге қол жеткізе алатындарына сенімді. Грикманис ханым мектептен тыс уақытта тоқыма тоқу, сурет салу және ән айту сияқты шығармашылықпен айналысқанды жақсы көреді. Ол сондай-ақ ғимараттар мен салынып жатқан құрылыстарды зерттеп, түрлі ұлттардың сан алуан тағамдарынан дәм татқанды ұнатады. Грикманис ханым күйеуімен бірге Қазақстанға келетін күнін тағатсыздана күтуде. Сонымен қатар ол Haileybury Astana қауымдастығының бір мүшесі болғанына өте қуанышты.
Жұмыстың басталу күні
2022
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат