2024 жылғы түлектер: университет таңдау

Haileybury Astana мектебінің ең дарынды оқушыларының жетістіктерін атап өтеміз!

Біз Haileybury Astana-да шәкірттеріміздің талантын шыңдап, оларға әлемдік жетекші университеттерге түсуге қажетті бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетіп жатқанымызды мақтан тұтамыз. 2023-2024 оқу жылы да біздің оқушыларымыз үздік жетістіктерге жетіп, мектебіміздің басты белгісін танытты. 
Біздің таңдаулы түлектеріміздің бірнешеуі ғана:

Алсу – Торонто университеті
Алсу 190,000 CAD көлемінде қомақты шәкіртақыға ие болды және академиялық әрі ғылыми-зерттеу шеберлігімен бүкіл әлемге танылған жетекші канадалық университетте оқитын болады.
Алтынай – Милан политехникалық университеті (Politecnico di Milano)
Алтынай үздік инженерлік бағдарламалары мен инновацияларымен халықаралық деңгейде танылған Италияның Миландағы техникалық университетінде оқиды.
Сара – Наварра университеті, Испания
Сара өзінің қатаң академиялық стандарттарымен танымал Испанияның жетекші университеттерінің бірі Наварра университетінде медициналық білімін бастайды.

Әділхан – Гонкоң ғылым және технология университеті (HKUST)
Әділхан озық зерттеулерімен және технологиялық әзірлемелерімен танымал Азиядағы жетекші оқу орындарының бірі HKUST-те компьютерлік ғылымдар бойынша білім алады.
Марта – Эразма университеті, Роттердам
Марта Еуропаның ең беделді ғылыми-зерттеу институттарының бірі, білім берудегі пәнаралық көзқарасымен танымал Роттердамдағы Эразма университетінде оқитын болады.

Бұл тамаша жетістіктер біздің оқушыларымыздың адалдығы мен амбициясының дәлелі және біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Біз Haileybury Astana мектебінде жетістікке ұмтылу әлемдік аренада жетістікке жетелейді деп есептейміз және біздің шәкірттер мұны дәлелдеуде. Жаңалықтан құр қалмаңыздар, біз тамаша оқушыларымыздың жетістіктері мен олардың жарқын болашағын бөлісуді жалғастырамыз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат