2024 жылғы түлектер: университет ​​таңдау

Біз оқушыларымыздың жетістігін мақтан тұтамыз!

Біз Haileybury Astana мектебінде оқушыларымыздың қабілеттері мен талпыныстарын жастайынан дамытуға сенеміз. Біздің оқушыларымыз 10-сыныпқа көшкенде өз ісіне адал кеңесшілеріміз, ұстаздарымыз және ата-аналарымыздың қолдауымен өзін тану және болашаққа дайындық сапарын бастайды. Бұл біртұтас көзқарас әр оқушыға мансап пен жоғары білім туралы негізделген шешім қабылдауға қажетті жеке нұсқаулар береді.
2023-2024 оқу жылы шәкірттеріміздің тамаша жетістіктерін тағы бір паш етті. Олардың адалдығы, төзімділігі мен еңбекқорлығы оларға әлемдегі ең беделді университеттерге түсуге көмектесті. Біз олардың табыс тарихын бөлісуді мақтан тұтамыз:

Айдын – S P Jain School of Global Management
Айдын Forbes рейтиңі бойынша әлемде 12-ші және Bloomberg Businessweek бойынша Азия-Тынық мұхиты аймағында 7-ші орынды иеленген беделді S P Jain School of Global Management-ке қабылданды. Университет таңдауы Айдынның халықаралық бизнеске деген құштарлығын көрсетеді және оның осы қарқынды салада айтарлықтай табысқа жететініне күмәніміз жоқ.

Айгерім – Royal Holloway, University of London
Айгерім Ұлыбританиядағы үздік 20 университеттің бірі University of London, Royal Holloway университетіне оқуға түсті. Күшті өнер және гуманитарлық бағдарламаларымен танымал Royal Holloway Айгерімге академиялық жетістіктерге жету және оның шығармашылық пен зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін тамаша платформа ұсынады.

Бекарыс – University of Manchester
Бекарыс қазір QS World University Rankings 2025 рейтиңі бойынша әлемде 34-ші орында тұрған Манчестер университетінде оқиды. Академиялық жетістіктері мен инновацияларымен беделді Манчестер университеті Бекарыс үшін шеберлігін шыңдап, өзі таңдаған салада табысты мансапқа дайындалу үшін тамаша орын.

Лаура – University of Groningen
Лаура әлемдегі ең үздік университеттер арасында 76-орында тұрған Гронинген университетін таңдады. Гронинген Еуропаның жетекші ғылыми-зерттеу оқу ордаларының бірі және Лаура осы интеллектуал, ынталандыратын ортаға енуді асыға күтеді. Біз оның оқуда үздік болып, өз саласына құнды үлес қосатынына сенімдіміз.

Нұридин – IE Business School in Madrid
Нұридин 2024 жылғы Executive MBA рейтиңінде 10-орынға ие болған, әлемнің жетекші бизнес мектептерінің бірі Мадридтегі IE Business School-ке түсті. Нұридин өзінің ұмтылысы мен амбициясымен іскерлік әлемде болашақ көшбасшы болуға жақсы дайындалған және біз оның жетістіктерін асыға күтеміз.

Бұл жетістіктер оқушылардың еңбекқорлығын ғана емес, сонымен қатар Haileybury Astana ұсынған мықты академиялық іргетастың дәлелі. Біздің академиялық жетістіктерге деген ұмтылысымыз жан-жақты дамыған тұлғаларды дамытуға баса назар аудара отырып, біздің түлектеріміздің жоғары білім және одан кейінгі өмір қиындықтарына дайын болуын қамтамасыз етеді.
Біз бірге 𝗕𝗶𝗴𝗴𝗲𝗿 • 𝗕𝗲𝘁𝘁𝗲𝗿 • 𝗕𝗲𝘀𝘁-піз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат