2024 жылғы түлектер: университет ​​таңдау

Haileybury Astana оқушылары әлемнің жетекші университеттерінде тамаша жетістіктерге жетуде!
Біз Haileybury Astana мектебінде оқушыларымызға 10-сыныптан бастап болашақ мансап жолында қолдау көрсететінімізді мақтан тұтамыз. 

Біздің адал кеңесшілеріміз, оқытушыларымыз бен жанұялардың жеке қолдауының арқасында оқушылар әлемнің ең беделді университеттерінің ұсыныстарына ие болып, үнемі жоғары деңгейде нәтиже көрсетуде. 2023-2024 оқу жылы олардың еңбекқорлығын, адалдығы мен тамаша жетістіктерін тағы бір паш етті.
Міне, биылғы түлектеріміздің кейбір жетістіктері:

Адель – MGIMO
Адель өзінің оқуын дипломатия мен халықаралық қатынастардағы  халықаралық деңгейде танымал ММХҚИ-да халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бастады.

Әмина – Queen Mary University of London
Әмина Ұлыбританиядағы 25 үздік университеттің бірі саналатын Лондондағы Queen Mary университетіне оқуға түсті. Ол бизнестің динамикалық әлемінде табысты мансапқа дайындалып, маркетиң және менеджмент мамандығын таңдады.

Әмір – American University in Dubai
Әмір Дубайдағы Америка университетіне оқуға түсіп, онда бизнес менеджменті мамандығы бойынша оқиды. Университет бизнес-білім берудегі инновациялық тәсілімен танымал БАӘ-дегі жетекші оқу орындарының бірі.

Вариссе – BI Norwegian Business School
Вариссе Еуропадағы үздік бизнес мектептерінің бірі BI Norwegian Business School-ға түсті, онда ол брендиң мамандығын игереді. Ол люкс тауарлары сегментінде көшбасшы болуға сенімді түрде қадам басып келеді.

Біз барлық оқушыларымызды ерекше жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз. Олардың табандылығы мен амбициясы оларға әлемнің ең танымал университеттерінде оқуға мүмкіндік берді. Оларға оқуда табыс пен болашақта мансаптық өсу тілейміз.
Біз Haileybury Astana-да оқушыларымызды жарқын және табысты болашаққа бағыттап, қолдау көрсетуге дайынбыз.
Біз бірге 𝗕𝗶𝗴𝗴𝗲𝗿 • 𝗕𝗲𝘁𝘁𝗲𝗿 • 𝗕𝗲𝘀𝘁-піз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат