12-сынып оқушысы республикалық математикалық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

12-сынып оқушысы республикалық математикалық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриат (IB) Дипломдық бағдарламасы бөлімінің оқушысы Мерей Ұлттық математикалық олимпиадада күміс медальге қол жеткізді. Мерейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлы Оқушылар сарайында марапаттады.

Бұл Мерей үшін үлкен жетістік. Оның зерделілігі мен еңбекқорлығы математика пәні бойынша тамаша қабілеттерін көрсетуге көмектесті.

Мерейге сайыс барысында қолдау көрсеткені үшін Олимпиадалық математика пәнінің мұғалімі Мағжан Қабашев мырзаға және математика департаментіне алғысымызды білдіреміз. Мерейге алдағы уақытта сәттілік пен болашақта жаңа мақсаттарға қол жеткізуіне тілектеспіз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат