COVID-тен сақтанудың қауіпсіздік шараларына қатысты мектеп өмірі қалай өзгерді?
⠀Біздің оқушыларымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі - Haileybury Astana мектебі командасының басты артықшылығы. Біз оқушылардың қауіпсіз ортада білім алудың ең үздік қорларына қол жеткізе алуларына жағдай жасадық.
✔️Әрбір сынып бөлмесінде бактериялардың пайда болуының алдын алуға көмектесетін ауа тазартқыштар мен ультракүлгін шамдары орналастырылған.
✔️ Сыныптағы оқушы саны 15-тен аспайтындай арнайы топтар құрылған
✔️ Сабақ кестелері Оқу топтары арасында үзілістердің болуын қамтамасыз ете алатын мақсатта құрылған
✔️ Мектепке келетін әрбір адамның дене қызуы міндетті түрде өлшенеді. Егер мектепке келушінің дене қызуы 37 градустан асатын болса, мектепке кіруге рұқсат берілмейді.
✔️Қолды зарарсыздандыруға арналған сұйықтық мектептің барлық жеріне қойылған, оқушылар мен мектеп қызметкерлері мектеп ғимаратына кірген кезде, сонымен қатар сынып бөлмелері мен асханаға кіру және шығу кезінде қолдарын зарарсыздандырулары қажет.
✔️Мектебімізде қолданылатын зарарсыздандыру сұйықтығы жергілікті денсаулық сақтау басқармасымен мақұлданған, құрамында алкоголь жоқ.
✔️Мектеп айналасында баспалдақтар мен дәліздерде біржақты бағыт қозғалысын көрсететін арнайы белгілер қойылған.
✔️Балалар топтарын бөліп тұратын арнайы қосымша бөлу жабдықтары қойылған.
Оқу күнінің режіміне сәл өзгеріс енгізілді, алайда көпшілігі бұрынғыдай, өзгеріссіз қалдырылды.⠀
Біз бұрынғы мектеп өміріне қайта оралып, спорттық және сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларды қалпына келтіре аламыз деп үміттенеміз. Қазіргі таңда біз Haileybury Astana мектебі оқушыларының жоғары деңгейдегі сапалы білім алып, оларға жан-жақты қамқорлық көрсетуге тырысудамыз.