Astana Physics Battles
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады!
4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
⠀
Турнир екі кезеңнен тұрады:
- 14-16 қазан күндері 24 сағат барысында ашық онлайн-іріктеу өтеді.
- 11-12 қараша күні Haileybury Astana мектебінде басты кезең өтетін болады.
Қатысушылар екі лиганың бірін таңдай алады: Кіші (8-9 сыныптар) және Жоғары (10-12 сыныптар). 7-сынып және одан кіші оқушылар жоғары санатқа қосыла алады. Мектеп түлектері қатыса алмайды.
⠀
Тіркелу, турнир ережелері және толық ақпарат aphb.kz ресми сайтта жарияланған.