Haileybury Astana мектебінде біз оқушыларымызды қоршаған ортаны қорғауға кішкентай кезінен бастап баулимыз

Жақында бастауыш мектепте House Eco Fair жәрмеңкесі өтті. Балалар қағаз, пластик, батареялар мен консервілер сияқты қайта өңделетін материалдарды әкелді. Олар үшін арнайы билеттер алып, оларды кітапқа, ойыншыққа немесе өздеріне ұнаған нәрсеге айырбастай алды.

Бұл шара экологиялық сананы қалыптастырып қана қоймай, қайта өңдеу процесін қызықты әрі пайдалы етті! Жас табиғат қорғаушыларымызды белсенділігі мен қоршаған ортаға деген жауапкершілігі үшін құттықтаймыз! 

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат