12 маусым: Бостонға ұшу, келу және “Бостон Коммон” саябағына бару
Haileybury Astana және Haileybury Almaty мектептерінің жоғары сынып оқушылары жергілікті университеттерді зерттеу үшін АҚШ-қа қызықты сапарға аттанды. Алдымен Астана мектебінің оқушылары Алматы әуежайына келді, содан кейін біз жаңа халықаралық терминалда Qatar Airways рейсіне тез тіркеліп, еш қиындықсыз ұшып кеттік. Дохаға 4,5 сағатта жетіп, сол жерде келесі ұшағымызды 90 минут күтіп отырдық. Содан кейін Бостонға дейін 13,5 сағат ұштық. Ұзақ жол жүргенімізге қарамастан көпшілігіміз біраз ұйықтай алдық.
Бостонға келгеннен кейін біз АҚШ паспорттық бақылауын еш қиындықсыз өтіп, келу аймағына бет алдық. Автобусты күтіп, кептеліске түсіп, кешкі сағат 18:00 шамасында Backbay қонақ үйіне келдік. Тамақтанып, бөлмелерімізге жайғастық. Осыдан кейін біз “Бостон Коммон” деп аталатын қаланың орталық саябағына бардық.
Саябақта адамдар көп болды, олар түрлі спортпен айналысып, ойын ойнап, көңіл көтеріп жүрді. Біз саябақтың тарихы туралы көьірек ақпарата алып, бұл американдық революцияға дейін британдық әскерлер үшін алаң болғанын білдік. Кіші Мартин Лютер Кингтің «Құшақ» деген мүсінін және атақты жазушы Эдгар Аллан Поның мүсінін көрдік. Ньюбери-стрит бойымен серуендеп, дүкендерді көріп, қонақ үйге оралдық, душ қабылдап, тез ұйықтап қалдық.
13 маусым: Бостон университетіне және әскери кеме мұражайына бару
Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты біз таңғы 5-те оянып алып, таңғы асқа дейін демалып үлгердік. Қонақ үйіміздің дәмді тамақтарын сүйсініп жеп алып, жолға шықтық.
Таңертең біз Эспланада Чарльз-Ривер саябағында серуендедік, онда Массачусетс технологиялық институтына керемет көрініс ашылады екен. Біз өзенде ескек есушілерді, тиіндерді және канадалық қаздарды көрдік. Иттері бар жүгірушілер өте көп болды.
Бостон университетінде қабылдау бөлімінің қызметкерімен кездестік, ол осы беделді зерттеу университетіне түсу туралы өз ойларымен бөлісті. Біз осы университеттің ең танымал түлектерінің бірі Кіші Мартин Лютер Кинг туралы көбірек білдік; бізге мұндағы аудиториялардың шағын болғаны, университеттің өзінде өте мейірімді атмосфера болғаны ұнады. Біздің оқушылар Бостон университетінде болғаны туралы бейнероликтер түсірді.
Содан кейін біз Бостон қаласының орталығына метроның жасыл желісімен жетіп, тарихи Солтүстік Бостон айлағына бардық. Бұл аймақта Америка революциясының басты оқиғасы болған Бункер Хилл шайқасы өткен. Біз әлемдегі ең көне жұмыс істеп тұрған соғыс кемесі “Constitution” және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қолданылған “Cassin Young” эсминецінде болдық. Екі кеме де өзінің бай тарихымен және тартымды атмосферасымен таң қалдырды.
Портты аралап, “Cambridge Side” сауда орталығына барып, біраз демалып, тамақтанғаннан кейін біз Коплиге қайттық. Кейбір оқушылар қатты шаршап, бірден ұйқыға кетті, ал басқалары “Chick-fil-A” деген жерге тамақ ішуге барды. Сол күні бәріміз тез ұйықтап қалдық.
14 маусым: Гарвард университеті
Таңғы асымызды ішіп, Гарвардқа бет алдық. Дамир біздің гид болды, ал қабылдау бөлімінің аға қызметкері эссенің маңыздылығы туралы айтып, онда өзіміз және өз қызығушылақтарымыз туралы жазуымыз керек деп айтты.
Содан кейін Гарвард студенті бізге экскурсия жасап, Гарвард дәстүрлері мен тарихы туралы айтып берді, Гарвард студенттерінің оқуды бітіргеннен кейін алатын мүмкіндіктерін атап өтті.
Біз Гарвардтың табиғи тарих мұражайына барар алдында Студенттік орталыққа жолығып, біраз сауда жасадық. Мұражайда «Scavenger hunt» ойынын ойнадық: қыздар командасы жеңіп, Муньоз ханымнан сыйлық алды.
Оқушылар сапары туралы бейнеролик түсіргеннен кейін қонақ үйге кешкі асқа оралды. Кейбіреулер дүкенге барды, ал басқалары өз бөлмесінде қалды. Алда әлі де қызықты күндер бар. Келесі күні біз Ғылым мұражайына, қайықпен саяхатқа және Бостонның бойынша тур жасауды жоспарлап қойдық
15 маусым: Ғылым тарихының мұражайы.
Бүгін біз ойын-сауық пен таңғажайып экспонаттарға толы қызықты Ғылым тарихының мұражайына бардық. Көптеген экспозициялардың ішінде бізді жасанды интеллект жобалары мен Boston Dynamics құрастырған робот иті қызықтырды. Біз Уэбб ғарыштық телескопының ғажайыптарына "Омни" фильмін көргенде куә болдық, ал экран біздің айналамызда және үстімізде болды. Ғарышқа ұшырылған бұл телескоп жұмысын сапалы істейді, адамдар бұрын-соңды көрмеген және тіпті елестетпеген галактикаларды, жұлдыздарды және экзопланеталарды тауып жүр. Стокерманс мырза екі жыл бұрын географиядан сабақ берген оқушылар оның осы керемет аппаратқа деген құштарлығын ұмытпаған шығар.
Кейінірек біз планетарийде Күн жүйесінің әртүрлі серіктері туралы шоуларды көрдік, олардың ерекше сипаттамалары туралы және Юпитер мен Сатурнның айналасындағы кейбір серіктерде өмір болуы мүмкін екенін білдік.
Мұражайдан кейін біз таңғажайып гидіміз Паприка ханыммен әйгілі қайық экскурсиясына бардық. Біз оның Бостон туралы тапқыр әңгімелерін тыңдап, Қазақстан туралы қызықты сұрақтарына жауап бере отырып уақытымызды өте көңілді өткіздік.
Содан кейін ескі Бостондағы Куинси базарына бардық, онда әдеттегі Бостон тағамдарын – лобстерді, моллюскалар сорпасын және Бостон пиццасын – жеп көрдік. Дәмді кешкі астан кейін біз үйге метромен жетіп, бірден ұйықтадық.
16 маусым: киттерді бақылау
Бұл күнді оқушыларымыз ешқашан ұмытпайтын шығар. Алдымен біз "New England Aquarium" аквариумына бардық, онда Арктика және оның климаттың өзгеруіне байланысты маңызды мәселелері туралы 3D фильм көрдік. Аквариумда көптеген балықтар, итбалықтар, пингвиндер, тасбақалар және т. б. көрдік.
Содан кейін біз "Aquarius" деп аталатын жылдам жүретін қайықпен киттерді көруге бардық. Бір сағаттық сапарымыздан кейін біз бірінші өркеш китті, содан кейін тағы бірнешеуін байқадық. Біздің гид бір сапарда осыншама көп киттерді көру – сирек жағдай екенін атап өтті. Біз сондай-ақ алып акуланы көре алдық, бұл өте үлкен және сирек кездесетін түр. Ол кішкентай балықты аулау үшін аузын кең ашып жүзеді. Мұндай қиялғажайып ьіршілік иесін жақыннан көру керемет болды.
Теңіздегі қызықты күннен кейін біз кешкі асқа оралып, шаршап ұйқыға батып кеттік.
17 маусым: MIT
Бүгін біз MIT-ге бардық. Бостон-Кембридж көпірінен өтіп, оның ұзындығын Смутс бірліктерімен өлшедік. 364 Смут шықты! (білмесеңіз, Смут — Массачусетс технологиялық институтының студенті Оливер Смут жасаған бірегей шара, ол көпірді денесінің ұзындығын пайдаланып өлшеген, содан бері Смут университеттің ресми шарасы болып кетті.)
Катя ханым мен Haileybury түлегі Тоғжан Шынтайдың арқасында біз Массачусетс технологиялық институтының өмірі мен оған оқуға түсу туралы көбірек білдік, содан кейін экономика факультетінің ғимаратының ішінде жүрдік. Информатика мамандығының үшінші курс студенті Тоғжан оқушыларымызды Массачусетс технологиялық институтына құжат тапсыруға шақырды.
Біз Массачусетс технологиялық институтының мұражайына бардық, онда жылдар бойы институт зертханаларында ойлап тапқан көптеген өнертабыстарды көрдік.
Кешке біз үйімізге келіп, тамақ ішіп, сауда жасап, «Boston Celtics» и «Dallas Mavericks» арасындағы НБА-ның соңғы ойынын тамашаладық. Бостонның мақтанышы "Celtics" чемпионатты жеңіп алды, қалада көптеген көліктер, отшашулар болды, көңілді мереке сезілді. Алға, Celtics!
18 маусым: Браун және Йель.
Бүгін ұзақ күн болды. Таңертең біз "Amtrak" пойызымен Провиденс қаласына барып, бір сағат кешігіп келіп, Браун университетіне бардық. Біздің гид студенттерге өздері қызыққан пәндерді таңдау еркіндігін беретін Браунның ашық оқу бағдарламасының тұжырымдамасын түсіндірді. Ол үшін, әрине, жетілген ойлау және ұзақ мерзімді жоспарлау қажет, өйткені ол бірегей білім беру тәжірибесін ұсынады. Провиденс сонымен қатар өзінің аспаздық факультетімен танымал, яғни Браун студенттері күнде үздік гастрономиялық тәжірибе алады.
Содан кейін біз Нью-Хейвенге пойызбен барып, Йель университетіне жолықтық. Ыстыққа қарамастан біз Йельдің керемет ескі ғимаратын аралап, әлемдегі ең көне кітаптар сақталған Стерлинг пен Бейнеке кітапханалары сияқты жаңа ғимараттарға да бардық. Көрнекті профессорлар, Йель университетінің мамандықтары, оның шеберлік дәстүрлерімен бірге біздің студенттерді қатты қызықтырды, олар қазір сол жерге өтініш беруді ойластыруда.
19 маусым: Салем және Құлдықты жою күні
Аптап ыстықтан және кешегі ұзақ серуендерден шаршап, біз Құлдықты жою күнінде, АҚШ-тағы құлдықтың аяқталуына арналған ұлттық мереке күні қысқа үзіліс жасадық. Біз пароммен Бостонның солтүстігіндегі Салем қаласына, теңіз және кеме аймағы болып табылатын, 400 жылдық бай тарихы бар шағын қалаға бардық. Алайда, Салем дуагер әйелдерді соттаумен көбірек танымал, бұл жаппай истерия мен надандықпен ерекшеленетін қайғылы оқиға.
Қатты ыстыққа қарамастан, біз жаяу серуендеп, содан кейін пойызбен үйге оралдық. Кешке біз викториналар ойнадық және оқушыларымызға сыйлықтар бердік.
20 маусым: Солтүстік-шығыс университеті, бейнелеу өнері мұражайы, баскетбол.
Бұл біздің ең жақсы күніміз болған шығар. 20 минут ішінде біз Солтүстік-Шығыс университетіне жаяу бардық және оның әемі ғимаратына тәнті болдық. Университет өзінің зерттеулерімен, спортпен және ең бастысы "Co-op" бағдарламаларымен танымал, бұл бағдарлама аясында студенттер алты ай бойы әртүрлі компанияларда жұмыс істейді. Бұл бағдарлама жұмысқа орналасу мүмкіндігін едәуір арттырады, соның арқасында Солтүстік-шығыс университеті осы сферада жоғары орын алады. Гидіміз университеттің мүмкіндіктері мен студенттік ынтымақтастық мәдениеті туралы өте қызықты нәрселер айтып берді.
Осыдан кейін біз әлемге әйгілі бейнелеу өнері мұражайына бардық, онда төрт сағат өткіздік, бірақ көбісіне бұлл уақыт та жетпей қалған сияқты.
Сауда орталығына барар жолда біз саябақта бір өзі ғана баскетбол ойнап жүрген жігітті көріп қалдық. Біздің балалар оған қосылып, ыстық күн астында нағыз американдық баскетбол ойнады. Массачусетс технологиялық институтының студенті болып шыққан бұл жас жігіт оқушыларымызды өз университетіне құжат тапсыруға шақырды.
Кешке оқушылар мен оқытушылар келесі екі жылға жоспар құрады. Оқушылардың мақсаты әлемнің үздік университеттеріне құжаттарды тапсыру болды. Оқушылар шабыттанып, амбицияға толы ұйықтауға кетті.
21 маусым: Тафтс, шеру және үйге қайту!
Таңертең біз сөмкелерімізді жинап, Тафтс университетіне пойызбен бардық. Бостоннан солтүстікке қарай шамамен 30 минуттық жерде орналасқан Тафтс кампусы жап-жасыл ауылдық жерде орналасқан екен. Олардың бойтұмары - Джумбо пілі, оның сүйектері кампуста жерленген. Бұл университет құжат тапсырған талапкерлердің тек 10% қабылдайды, бірақ біз көрген басқа университеттерге қарағанда бұл жерге түсу оңайырақ. Университет гуманитарлық ғылымдарға маманданған, студенттерді басқа пәндерді оқып, көкжиектерін кеңейте отырып, өз мамандықтарын оқуға шақырады. Тафтс ынтымақтастық рухымен, мұғалімдер мен оқушылардың оңтайлы арақатынасымен танымал.
Біз университеттің асханасында өте дәмді түскі ас іштік, онда әр түрлі тағамдар ұсынылады.
TD орталығына "Boston Celtics" НБА чемпиондарының құрметіне арналған шеруге байланысты бара алмадық. Барлығы жасыл киінген миллионға жуық адам көшеге шықты. Біз де шеруге қосылдық, мерекелік атмосфераны тамашаладық және көшелер мен саябақтарда мыңдаған адамдармен бірге көңіл көтердік.
Қонақ үйге оралып, демалып, кешкі ас ішіп, 18:30-да әуежайға бағыт алдық.
Алматы мен Астанада кездескенше!