Біз жас зерттеушілерді Haileybury Astana мектебінің балабақшасына шақырамыз

Біз жас зерттеушілерді Haileybury Astana мектебінің балабақшасына шақырамыз

Біз өздеріңізге Haileybury Astana мектебінде 4-29 шілде аралығында балабақша тәрбиешісі Жанар Есіркепова ханым және балабақша ұжымы жетекшілік ететін жазғы лагерь ашылатынын хабарлауға қуаныштымыз. Біз білім берудің бастапқы кезеңінде балалар меңгеруге тиіс машықтарды дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды, жан-жақты ойластырылған бағдарлама әзірлеуге барынша тырыстық, жазғы лагерь барысында аталған бағдарлама бойынша жұмыс істеуге дайынбыз.

Жазғы лагерь дүйсенбіден жұмаға дейін, таңғы 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Егер сіз балаңызды жазғы лагерьге алып келгіңіз келсе, Жанар ханымға хабарласуыңызды сұраймыз: Z.Yessirkepova@haileyburyastana.kz

Жазғы лагерьдің төлемақысы туралы мәліметтер сіздің лагерьге келу күніңіз расталғаннан кейін беріледі. Орын саны шектеулі болғандықтан, басымдылық бірінші төлем жасаған адамға беріледі.

  • Жасы: 2-5 жас.
  • Құны: аптасына 71 000 теңге.
  • Лагерь төлемақысына таңғы ас, түскі ас және жеңіл тағамдар кіреді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат