Барлық жас инноваторды STEAM олимпиадасына қатысуға шақырамыз!

Барлық жас инноваторды STEAM олимпиадасына қатысуға шақырамыз!

Шығармашылық қабілеттеріңді ашып, мәселелерді шешу машықтарыңды көрсетуге дайынсың ба? Біз барша оқушыны ғылым, технология, инженерия, өнер және математиканы қызық сайысқа біріктіретін алдағы STEAM олимпиадасына қатысуға шақырамыз!

Биыл біз Олимпиадаға оқушыларға дизайн пен шығармашылық әлеміне ену мүмкіндігін ұсынатындай практика жағынан қарайтынымызды қуана-қуана хабарлаймыз. Өткен жылдары оқушылар требушеттер мен қайықтарды құрастырып, инженериядағы машықтарын біраз шыңдаған еді. Биыл біз межені бұдан да жоғары көтеруге дайынбыз!

Сенбі 18 мамыр күні барлық мектептің оқушыларын шабыт пен инновацияға толы күнге қатыстыру үшін басын қосамыз. Іс-шара кіріспе сессиядан басталады, онда командалар танысып, стратегиялық мәселелерді талқылай алады. Осы алдын ала сайыста жеңген команда алдағы негізгі тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін сыйлыққа ие болады.

Биыл бізді не күтіп тұр? Бәрі өз қиялыңызға байланысты! Былтырғы тапсырмалардың адам айтқысыз әсерін ескере, біз жаңа идеялар мен жаңа перспективаларға ашықпыз. Егер назар аударатын әрі қарсыластарыңызды сынайтын тұжырымдамаңыз бар болса болса, құлағымыз сізде!

Біз маңызды күнге дайындалып жатқанда, командалар талқылап, жоспарлай берсін дейміз. Есіңізде болсын: табысқа жетудің құпиясы – бірлік, инновация және мүмкін емес нәрселердің шекарасын бұзуға дайын болу.
Күнін сақтап қойыңыз, өйткені STEAM Олимпиадасы жақындап қалды, бізді қандай керемет туындылар күтіп тұрғанын көруге асықпыз. Қатысу үшін төмендегі тіркеу формасын толтырыңыз.

Тапқырлық, толғаныс және шексіз мүмкіндіктер күніне кері санақ басталсын. STEAM Олимпиадасында кездескенше!

STEAM Olympiad 2023

Жаңалықтар
09.07.2024
IB Нәтижелері 2024
Haileybury Astana біздің IB бағдарламасы бойынша орта балымыздың 34.48 екенін мақтанышпен хабарлайды, бұл дүние жүзіндегі оқушылардың орташа ұпайынан асып түседі.
04.07.2024
Бостонға сапар 2024
Haileybury Astana және Haileybury Almaty мектептерінің жоғары сынып оқушылары жергілікті университеттерді зерттеу үшін АҚШ-қа қызықты сапарға аттанды.
27.06.2024
Жетістіктерді тойлау: Haileybury Astana балабақшасындағы Speech Day
Биыл маусымда біздің балабақшада Speech Day мерекелік шарасы өтті, бұл біздің кішкентай тәрбиеленушілеріміздің үздік жетістіктерін атап өтуге арналған.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат