Рождестволық қайырымдылық акциясы

Christmas Charity Event

Haileybury Astana мектебінің ата-аналар қауымдастығы (HPA) 2021 жылдың 5 желтоқсанында Ritz Carlton қонақүйінде Рождестволық қайырымдылық шарасын өткізді.

Бұл отбасылық шара қайырымдылық мақсаттарға ақша жинау аясында өтті. Еліміздің экологиялық жағдайына үлес қосып, әлемді болашақ ұрпақ үшін жақсы орынға айналдыру мақсатында Haileybury Astana мектебінің ата-аналар қауымдастығы (HPA) ағаш отырғызу науқанын бастады.

Қауымдастық ауаның сапасын жақсарту, биоәртүрлілікті сақтау және жаһандық жылынумен күресу үшін Нұр-Сұлтан қаласында жүздеген ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Рождестволық қайырымдылық акциясының мақсаты науқан туралы мейлінше көбірек қала тұрғындарын қамту әрі ақпараттандыру болды. Нәтижесінде өткізілген қайырымдылық акциясының жалпы сомасы: 1 214 650 теңге.

Біз Haileybury Astana ата-аналар қауымдастығына, мұғалімдерге, оқушыларға және іс-шараға келгендердің барлығына алғысымызды білдіреміз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат