Ағылшын тілі олимпиадасы

Ағылшын тілі олимпиадасы

Haileybury Astana мектебінің ағылшын тілі департаменті барлық қызығушылық танытқан оқушыларды ағылшын тілі олимпиадасына қатысуға шақырады. Бұл оқушылар үшін ағылшын тілін одан әрі жетілдіре түсудің, оны қолдануда өз білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, жақсы қарым-қатынас жасауды үйренудің тамаша тәсілі болады деп үміттенеміз.

Аталған іс-шара 21 мамыр, сенбі күні Haileybury Astana мектебінде өтеді.

Ағылшын тілі олимпиадасы оқушылардың тілдік және коммуникативтік дағдыларын тексеруге арналған көңілді және қызықты іс-шара болмақ.

Тіркелу мерзімі: 2022 жылдың 5 мамыры. 

Қатысу талаптары:

- Haileybury Astana мектебінің ұраны «sur sum corda», яғни «Жүректерді шарықтатайық» дегенді білдіреді. Біздің рәміз – қанаттар көтеріп тұрған жүрек.

- Сіздің көзқарасаңыз тұрғысынан, адам болмысына мән мен құндылық беретін, өмір сүру үшін маңызы зор нәрселерді зерттеуге арналған шығармашылық эссе (кез келген түрдегі мәтін) жазыңыз.

- Қатысу үшін оқушы шығармашылық эссесін 5 мамырға дейін тапсыруы керек. Сөз саны 1000-нан аспауы тиіс.

Сәттілік тілейміз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат