Haileybury Astana-ға “Тең мүмкіндіктер әлемі” қоры келді

Haileybury Astana-ға “Тең мүмкіндіктер әлемі” қоры келді

Кеше "Тең мүмкіндіктер әлемі" қорының негізін қалаушысы Нұргүл Ұлжекова мектебіміздің қонағы болды. Қор Қазақстанда ерекше балалар арасында спортты дамыту және насихаттау жұмыстарымен айналысады. Бүгінгі таңда ұйым еліміздің 10 қаласында спорт секцияларын ашты.

Кіші және жоғары мектеп оқушыларымен кездесу барысында Нұргүл Ұлжекова ерекше балаларға бейімделген спорт ойындары туралы айтып, оқушылар мен мұғалімдерге оларды ойнауға мүмкіндік берді.

Haileybury Astana ұжымы Нұргүл Ұлжековаға адаптивті ойындарды насихаттау жұмысы мен оқушыларға арналған іс-шара үшін алғысын білдіреді. Нұргүл ханым Haileybury Day-ға қатысатынын және адаптивті ойындардың тағы бір раундын өткізуді жоспарлап отырғанын қуана хабарлаймыз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат