Haileybury Astana және Haileybury Almaty студенттері Бостон университеті бойынша турға аттанды

Haileybury Astana және Haileybury Almaty студенттері Бостон университеті бойынша турға аттанды

24 оқушыдан тұратын топ Haileybury мектебінің оқытушыларымен бірге Бостон қаласының әйгілі университеттерімен танысып, аралап көру мақсатында осы қалаға мәңшілік естерінде қаларлық, қызықты әрі ұмытылмас 12 күндік сапарға аттанды. Жол ұзақтығына қарамастан, оқушылардың толқысы мен қызығушылықтары бір сәтке де басылған жоқ.

Сапар барысында оқушылар әлемге әйгілі үздік жоғары оқу орындарының бірі Гарвард университетіне барып, Гарвард магистрантының жетекшілігімен білім ордасын аралап, танысып шықты. Олар Гарвард ауласын аралап, университеттің тарихымен танысты, Джон Гарвард мүсіні сияқты көрнекі ескерткіштерді көрді. Сонымен қатар университет аумағындағы әртүрлі ғимараттардың маңыздылығы туралы құнды ақпараттарға қанық болды. Шәкірттер жоғары академиялық жетістіктерге қол жеткізген және өз қауымдастықтарында көшбасшылық қабілеттерін көрсете білген табысты талапкерлердің әңгімелерінен шабыт алды.

Саяхат Массачусетс технологиялық институтына (MIT), Браун университетіне, Йель жоғары оқу орнына, Солтүстік-Шығыс университетіне және Тафтс университеттеріне барумен жалғасты. Осы оқу орындарының әрқайсысында оқушыларға сол оқу орындарында қазіргі таңда білім алып жатқан студенттер мен түлектері тарапынан жеке экскурсиялар, мазмұнды таныстырылымдар жасалды, сондай-ақ өз өмірлеріне қажетті, баға жетпес құнды ақыл-кеңестер алды. Олар әр университеттің бірегей ерекшеліктері мен басым жақтары туралы мәліметтермен танысты, сонымен қатар құжаттарды тапсыру процесі және болашақ студенттерден талап етілетін қасиеттер туралы ақпаратқа ие болды.

Оқушылар сонымен қатар Бостонның әртүрлі көрікті жерлері мен қызықты жерлерін аралап көрді, мысалы, киттерді зерттеу, бостандық жолындағы тарихи орындармен танысу, әйгілі итальяндық тағамдардан дәм тату, Бостон ғылым мұражайына бару. Бұл сапар оқушыларымыздың ойлау көкжиегін кеңейтіп, американ халқының мәдениеті пен тарихы жайлы түсініктері мен білімдерін тереңдете түсті.

Саяхат соңында шәкірттер Бостон университетіне барып, қабылдау комиссиясының басшысымен кездесіп, құжаттарды тапсыру процесі бойынша құнды ұсыныстар алды. Сонымен қатар, олар Гарвард түлегі және университетке түсуге дайындық бойынша сарапшы профессор Васифтің дәрісіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Профессор Васиф өз ойларымен бөлісе отырып, құжаттарды тапсыру кезінде стратегиялық ойлаудың, ұзақ мерзімді жоспарлаудың және маңызды жетістіктердің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сапардан ұмытылмас әсер алып, шабыттанған шәкірттеріміз өз отандарына оралу үшін ұзақ жол жүрді. Бостон қаласына жасалған бұл сапар оқушыларымызға беделді университеттермен танысу мүмкіндігін ғана сыйлады дегеніміз әсте жеткіліксіз болары сөзсіз. Аталған сапар оқушылар көкірегінде академиялық мінсіздікке ұмтылу ынтасының оты тұтанды, сонымен қатар жоғары оқу орындарына түсу арманын жүзеге асыруға болатындығы туралы нақты шешім қабылдауларына септігін тигізді.

Осы танымдық сапар барысында алған естеліктері оқушыларымыздың жадында ұзақ уақыт сақталатыны сөзсіз, олардың болашаққа деген ұмтылыстары мен талпыныстарын ұштап, жарқын болашаққа бағыт-бағдар береді.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат