![](https://www.haileybury.kz/storage/posts/3484543561604e4057343b59.18702028_photo_2021-03-14_22-56-08.jpg)
Haileybury Astana мектебінің оқушылары Біріккен Ұлттар Ұйымы Үлгісі (БҰҰҮ) ASTMUN 2021конференциясына қатысты
Біріккен Ұлттар Ұйымы Үлгісі (БҰҰҮ) – жаһандық мәселелерді шешуге белсенді және шығармашылық тұрғыдан атсалыса алатын жастарға берілетін тамаша мүмкіндік. Үшкүндік іс-шара барысында бұл жас делегаттар әр мемлекеттің қызығушылығын қорғайтын әрі таныстыратын елшілер ретінде өздерінің қарым-қатынас жасау, келіссөз жүргізе білу, саяси білімдерін арттырып, жаһандық түсініктерін дамытады.
Биыл Haileybury Astana мектебінің 15 оқушысы QSI (ASTMUN) мектебі ұйымдастырып жатқан онлайн-іс-шараға қатысады. Бұл, шын мәнінде, осындай масштабтағы үлкен іс-шараға қатысуға оқушыларымызға берілген керемет мүмкіндік. Бұл жылы іс-шараға қатысушылар баспасөз құралдарының бостандығы мен қауіпсіздгі, COVID-19 пандемиясына деген көзқарастары туралы мәселелерді талқылайды. Біздің мектептің оқушылары ең өзекті әрі шешуі қиын мәселелермен бетпе-бет келеді. Сол себепті біз олардың осы мәселелерді шешуге қатысты бірлесе отырып жүргізетін жұмыстарына сәттілік тілейміз.
БҰҰҮ жобасының жетекшісі Рейчел Брекон ханымға алғысымызды білдіреміз.