Haileybury Astana FOBISIA мүшесі болды
Бүгіннен бастап Haileybury Astana ресми түрде Азиядағы Британ Халықаралық Мектептер Федерациясының (FOBISIA) мүшесі болғанын мақтанышпен хабарлаймыз.
23-24 мамыр аралығында мектепте FOBISIA өкілдері аккредитация процесін жүргізген болатын. Екі күн барысында қонақтарымыз стратегиялық жоспарларымызбен, жабдықтарымызбен және академиялық жетістіктерімізбен танысты. Тексерістен сәтті өтіп, федерацияға сәтті кірген Қазақстандағы екінші мектеп болғанымызға қуаныштымыз.
⠀
FOBISIA-ға қосыла отырып, Haileybury Astana бүкіл Азия бойынша басқа 94 мүше мектептермен желілер құруға және ынтымақтасуға мүмкіндік алды. Бұл ресурстармен бөлісу, инновациялық әдістемелерді енгізу және серіктестікті нығайту мүмкіндігін береді. Оқушылар мен мұғалімдер осы мүмкіндіктің арқасында әрқырлы, шабыттандыратын білім беру ортасын құруда өз үлесін қосады деп сенеміз.