Haileybury Astana CIS/NEASC аралық есебінде үздік нәтиже көрсетт
Haileybury Astana халықаралық білім берудегі озық жетістіктерге деген ұмтылысын дәлелдеп, жақында CIS/NEASC аралық есебінде маңызды белесті бағындырып жоғары баға алды. CIS (Халықаралық мектептер кеңесі) және NEASC (Жаңа Англия мектептер қауымдастығы) аккредитация ұйымдары дайындаған есеп мектептің мықты тұстары мен әлә де дамыуға болатын бағыттарын көрсетеді.
Өткен жылдың соңында алынған есеп — мектептің халықаралық стандарттарға сәйкестігінің жан-жақты бағасы. Онда біз бірнеше негізгі бағыт бойынша өзіміз ойлағаннан да асып түсіп, төрт бағыт және жеті стандарт бойынша жетістіктеріміз анықталып отыр.
Өзінің күшті жақтарын тани отырып, Haileybury Astana одан әрі даму үшін баяндамада айтылған құнды ойларды ескере жүреді. Мектеп басшылары осы маңызды кезеңге қол жеткізуге қолдау көрсеткен барша қауымға алғысын білдіреді.
Бағалау нәтижелеріне қосымша түсінік беру үшін Haileybury Astana баяндаманың негізгі аспектілерін көрсететін бейнеролик жасады. Бұл есеп — мектептің әлемдік деңгейде білім беруге деген ұмтылысының айқын көрінісі.
Haileybury Astana-ның CIS/NEASC аралық есебіндегі жетістігі оның болашақ көшбасшыларды дамытуға және білім беруде озық болуды дәріптеуге деген құлшынысын көрсетеді.