Haileybury Astana оқушыларға арналған «Shark Tank» шарасын өткізеді

Haileybury Astana оқушыларға арналған «Shark Tank» шарасын өткізеді

Haileybury Astana жоғары сынып оқушыларының кәсіпкерлік машықтарын қалыптастыратын қызық әрі инновациялы іс-шара жоспарлап отыр. Танымал телешоу арқау болған Shark Tank шарасы биылғы 27 сәуір, яғни сенбі сағат 12:00-ден 17:00-ге дейінгі уақытқа жоспарланған.

Шарада жас кәсіпкерлерге өз бизнес-идеяларын әлеуетті инвесторларға көрсететін алаң ұсынылады, яғни Shark Tank телехикаясының форматын үлгі етіп отыр. Алайда бұл симуляцияның өзіндік ерекшелігі бар – ол тұрақты дамуға бағытталған және қатысушыларды креативті ойлауға, қоғам мен қоршаған ортаға пайдалы шешімдер іздеуге үндейді.
Shark Tank Haileybury Astana шарасына қатысатын оқушылар бизнесте табысқа жету үшін қажетті маңызды қабілеттерін дамыту мүмкіндігін алмақ. Презентация машықтарын жетілдіруден бастап, сыни тұрғыдан ойлау мен мәселелерді шешу машықтарын шыңдауға дейін қатысушылар болашақта көмегі тиетін баға жетпес тәжірибе жинайды.

Шараға үш оқушыдан тұратын командалар тіркелуге шақырылуда. Шығармашылық пен жаңашылдығын салып Haileybury Astana-ның үш командасы қатысып, шытырман әрі қызық жарыс болмақ.
Бұл іс-шара оқушыларға кәсіпкерлік қабілеттерін көрсету алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар мектеп қауымдастығы ішіндегі ынтымақтастық пен достықты дамытады. Haileybury Astana өзекті жаһандық мәселелердің тың шешімін іздеуге ықпал ете отырып, ертеңгі көшбасшылар мен инноваторларды қалыптастырмақ.

Егер сіз кәсіпкерлік пен инновацияға деген амбициясы бар Haileybury Astana оқушысы болсаңыз, бұл керемет мүмкіндіктен қапы қалмаңыз! Қазірден бастап команда жинап, ұсынылған үлгіні толтырып, Shark Tank жарысына тіркеліңіз.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат