Haileybury Astana Математиктер Олимпиадасы 2023

Haileybury Astana Математиктер Олимпиадасы 2023

Haileybury Astana мектебі Астана қаласы бойынша қызығушылық білдірген кез келген жоғары сынып оқушыларын 2023 жылдың қараша айында болатын Haileybury Astana Математиктер Олимпиадасы 2023 сайысына қатысуға шақырады.

Сайысқа Астана қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары қатыса алады  (жеке мектептермен қоса мемлекеттік мектептер де).

Өтінім беру мерзімі 2023 жылдың 8 қарашасында аяқталады.

Олимпиада екі кезең бойынша өткізіледі:

  • Іріктеу кезеңі (онлайн тур) – 11 қараша 2023ж.
  • Негізгі кезең  Haileybury Astana мектебінде 2023 жылдың 18 қараша аралығында өткізіледі.

Қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда, Olympiad@haileyburyastana.kz электронды адресіне хат жазуыңызды сұраймыз.

*Нұсқаулықтар 9 қарашада тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат