Haileybury Astana мектебінде жыл сайынғы Үйлер арасында болатын музыкалық сайыс өтті.

Haileybury Astana мектебінде жыл сайынғы Үйлер арасында болатын музыкалық сайыс өтті

Бұл жылы Haileybury мектебінің үйреншікті дәстүрлі сайысы өзгеше түрде өтті. Дей тұрғанмен, онлайн-оқу форматы оқушылар мен мұғалімдерге өздеріңің сүйікті музыкалық сайысында өнер көрсетіп, бақ сынауларына кедергі бола алмады.

Қазіргі таңда ушығып тұрған пандемияны бір сәтке ұмытып, әр үйдің музыкалық қойылымын тамашалау мүмкін болғандығына қуаныштымыз. Ең бастысы, ешнәрсеге қарамастан, ауызбіршілікті бұзбай, ынтымақтастық танытудың маңыздылығын барлығы да түсінді.

Эдмонстоун, Бартл Фрэр, Киплинг және Эттли Үйлері Haileybury Astana мектебіндегі ең үздік Үй атану үшін бақ сынасты. Әділ қазылардың ұзақ шешімімен кейін жеңімпаз Үй Эттли Үйі болды. Құттықтаймыз!

Осындай керемет көңіл–күй мен жағымды атмосфера қалыптастыра алғандары үшін біз мектебіміздегі әр Үйдің жетекшілеріне, мұғалімдер мен сол үйлердегі әрбір оқушыға алғысымызды айтқымыз келеді.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат